Телевизия саласындағы үздіктерді анықтайтынТұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

Айтулы шараға қазақ телевизиясының ардагерлері мен телеарна ұжымдарындағы журналистер мен жүргізушілер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, эстрада жұлдыздары шақырылған. Олар арнайы төселген қызыл кілеммен жүріп өтті.

Биылғы жылы байқау 9 номинация бойынша өткізілді. Қатысушылар «Үздік телевизиялық сериал», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік деректі фильм», «Үздік ақпараттық-талдау бағдарламасы», «Телевизиялық маусымның үздік оқиғасы», «Үздік ойын-сауық жобасы», «Үздік өңірлік тележоба», «Үздік тележурналист», «Үздік тележүргізушісі» аталымдары бойынша бақ сынады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бәйгеге 2019 жылдың 22 ақпанынан 10 наурызына дейін 300-ден астам өтінім келіп түскен.