Түркістан облысында Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен «Рухани Жаңғыру: Түркістан Туризмі» тақырыбанда семинар өтті.

«Біз бір-біріне ықпал ететін және өзара сабақтасып келетін мың түрлі жүйелердің ортасында өмір сүреміз және бұл жүйелердің ядросы – адам болып табылады. Рухани Жаңғыру бағдарламасы өте өзекті және орынды деп ойлаймын, өйткені ол осы жүйелердің үйлесімді дамуына жетіспей тұрған пазлды қамтамасыз етеді. Бұл пазл жан-жақты дамыған, санасы, тәні, рухы, ділі мен діні тең дамыған адам. Онсыз біз тиімді экономиканы, үйлесімді қоршаған ортаны, қалалар мен ел болашағын құра алмаймыз», - деді Халықаралық жоба менеджері Зарина Биюмбаева.

Әрбір адам «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының дамуына үлесін қосамын десе, ең алдымен өзінен бастау керек екендігін де атап өтті.

«Бағдарламаны іске асыруға жауапты әкімшілдік қызметкерлері мен қала тұрғындарына қажетті нәрсе – аймақтың әлеуеті мен мүмкіндіктерін Рухани Жаңғырудың , бағыты мен әр бастамасы тарапынан саралап, дамудың нақты көрсеткіштерін бекітіп, жоспар құру. Көңіл бөлуге тұрарлық құрал ретінде Стейкхолдерлер кестесін ұсына аламын», - деп атап өтті Зарина Биюмбаева.

Оның айтуынша, егер аймақтың туристік потенциалі тұралы айтатын болсақ, онда ең алдымен туристтік маршруттардың тізбегін құрып, сол бойында үдерістер картасын сызып, сараптайтын болсақ, көпьеген қауіп-қатердің алдын алып қалуға болады, сапаны, тиімділікті арттыратын алдын-ала қолданылатын шаралар қолдануға мүмкіндік табылады.