Байқауға қатысу үшін үміткерлер Еуропалық Одақ пен Қазақстанның серіктестігінің өзекті мәселелеріне арналған қазақ, орыс немесе ағылшын тіліндегі бір жұмысын тапсырады.

«Байқауына қатысу үшін әлеуетті үміткер келесі критерияларға сай болуы керек. Қазақстан Республикасының азаматтығы, ;урналистика мен медиа саласында 4 жылдан кем емес еңбек өтілі , әрекеттегі БАҚ қызметкері болуы керек. 18 бен 50 жас аралығындағы журналистер қатыса алады. Сонымен қатар, ағылшын тілін меңгеруі құпталады», - деді ҚР Еуропалық Одақ Өкілдігінің баспасөз хатшысы Эльнара Байназарова.

Өтінімдер e_union18@mail.ru электрондық мекен жайына PDF немесе DOC форматында жіберіледі. Сонымен қатар, егер өтінімде бейнематериалды жүктеуге сілтеме көрсетілген болса, әлеуетті үміткер дауыс есептеу аяқталғанға дейін оған еркін қолжетімділікке кепілдік беруі тиіс.

Өтінім бере отырып, үміткер ұсынылған баспа/бейне/аудиоматериалға барлық қажетті құқықтарының бар екеніне, аталған құқықтар кепілде, тыйым салуда емес екеніне, өзінің әрекеттерімен үміткер ұсынылған материалға қатысты үшінші жақтардың құқықтарын бұзбайтынына кепілдік береді.

«Материалдарды тапсыра отырып, үміткер осылайша байқау ұйымдастырушыларына берілген материалдарды/жұмыстарды сақтау, қажетті көшірмелер санын әзірлеу, үзінді немесе толық қолдану және берілген материалдарды эфирде, кабельді және жерсеріктік желілер мен Интернет желісінде трансляциялау құқықтарын қоса есептегенде, кез келген мақсатта қолдануға құқық береді. Жұмыстар эфирлік сапада қабылданады және жарнамалық материалдар мен тайм-кодтардан тұрмауы керек. Жіберліген материалдар рецензиялауға жатпайды және кері қайтарылмайды», - деп атап өтті Эльнара Байназарова.

Айта кетсек, алдыңғы жылдың жеңімпаздары биылғы жылы байқауға қатыса алмайды.