Жыл басынан бастап 900 есірткі қылмысы, оның ішінде 660 сату және 155 есірткіні ірі мөлшерде сақтау фактілері анықталды. 2 тонны 144 кг әртүрлі есірткі, оның ішінде: 10 кг героин, 1 т 700 кг марихуана, 380 кг гашиш, 2,5 кг синтетикалық есірткі алынды.

Мемлекет басшысы ІІМ-нің кеңейтілген алқа мәжілісінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ Интерент-ресурстарды өздерінің қылмыстық пиғылдары үшін пайдаланушыларға қатысты қылмыстық жауапкершілікті заң тұрғысынан қатаңдату бойынша қосымша іс-шаралар кешенін іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Бұл тапсырмалар үш бағыт бойынша іске асырылуда.

Біріншіден, ішкі істер органдарының арнайы бөліністері ірі есірткі сатушыларды анықтауға бағытталған.

Екіншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қылмыстық кодексті Интернет-ресурстары арқылы есірткі тарату жүзеге асырылатын белгілер мен құрамдар қамтылған жекелеген баптарды Қылмыстық кодекске енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді.

Үшіншіден, министрдің тапсырмасы бойынша орталық аппаратта ақпараттық-коммуникациялық жүйедегі есірткі қауіпсіздігі мәселелерімен айналысатын бөлініс құрылды.

Сонымен қатар ата-аналарды, мектеп оқытушыларын, сондай-ақ жоары сынып оқушыларын синтетикалық есірткілер проблемалары туралы ақпараттандыру бойынша профилактикалық бағдарлама іске асырылуда, онда екі негізгі бағыт қамтылған – синтетикалық есірткілердің жаңа лебі және «дәріханалық» есірткілерге қарсы тұру іс-шаралары.

Білім беру ұйымдарында 2 мыңнан астам профилактикалық іс-шара, оның ішінде акциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, спорттық іс-шаралар және т.т. өткізілді.

Шетелдік сарапшылардың бағалауы бойынша қазіргі уақытта дәстүрлі есірірткілер героин мен марихуананың орнын синтетикалық есірткілер басқан. Сатыушылар осындай заттардың мекенжайларын тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттардың қабырғаларына жазуда.

Ағымдағы жылдың 4 айында белсенді азаматтар мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің көмегімен 3,5 мың жазбалар өшірілді. Графиттер туралы ақпарат министрдің блогіне күн сайын келіп түсіп жатады. Осындай суреттер салғаны үшін 20-дан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!