Top.Mail.Ru

Ай сайынғы тағам қауіпсіздігінің мониторингі шеңберінде 2019 жылғы 1-тоқсанда 14 880 өнім түрі алынды, оның ішінде азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобына 77 834 зерттеу жүргізілді, оның 3,5%-ы техникалық регламенттердің белгіленген көрсеткіштеріне сәйкес келмейді.

«Зерттелген үлгілердің жалпы көлемінің 72,6%-ы таңбалауы бойынша техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейді, микробиологиялық қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша 16,2%-ы, физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша 11,2%-ы сәйкес келмейді», - деп мәлімдеді Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Ішкі нарықта айналымдағы өнімнің ассортименті, өткен жылы анықталған бұзушылықтар қорытындысы бойынша тәуекелді талдау, сондай-ақ күшейтілген зертханалық бақылау нәтижесі ескеріліп, тауар позицияларының топтары бақыланды.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің айтуынша, барлық негізгі өнім топтары зерттеумен қамтылды, оның ішінде сүт өнімдері, құс еті, ет және балық өнімдері, кондитерлік және нан-тоқаш өнімдері, балалар тағамының ассортименті, арнайы тамақ өнімдері, ББҚ-лар, шырын өнімдері, энергетикалық және басқа да алкогольсіз сусындар, жемістер мен көкөністер, ауыз су және өзге де өнімдер.

Сонымен қатар, азық-түлікке жатпайтын тауарлар топтары ішінде ойыншықтар, киім, аяқкиім, тұрмыстық химия тауарлары, гигиена құралдары, әйнек жуатын сұйықтық, парфюмерия және косметика, тағаммен жанасатын метариалдар, балалар тауарлары және басқалары бақылаумен қамтылды.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!