Top.Mail.Ru

«ҚазАгро» ұлттық холдингінің еншілес компанияларының барлық филиалдарында несие беруге және кепілдендіруге өтінімдер қабылдау басталды.

Ұлттық холдингтің еншілес компаниясы – «ҚазАгроКепіл» АҚ арқылы кепіл мүлкі жетіспеген жағдайда қарыз алушылар бюджет қаражаты есебінен кепілдікке ие бола алады.

«Бүгінгі күні кепілдік беру құралын 726 фермер пайдаланды, оның ішінде кепілдік алғандардың басым бөлігі - бизнесін нөлден бастаған кәсіпкерлер», - деді«ҚазАгроКепіл» АҚ Басқарма төрағасы Қазбек Иманкулов.

Қазіргі таңда берілген кепілдіктердің жалпы сомасы 2 596 млн теңгені құрайды. Кепілдікпен берілген қарыздың орташа сомасы – 6,6 млн теңге, кепілдіктің орташа сомасы - 3,2 млн теңге.

«Кепілдік мөлшері өзгеріп отырады. Жұмыс істеп тұрған бизнес үшін несие сомасының 50% - на дейін жабылады. Стартап жобалар мен жұмысын бастаушы кәсіпкерлер үшін - несие сомасының 85%-на дейін.Яғни, өз бизнесін нөлден бастағандарға несие сомасының 15%-ын жабатын кепілдіктерді табу жеткілікті. Қалған 85%-ы бойынша «ҚазАгроКепіл» АҚ кепілдік береді», - деді «ҚазАгроКепіл» АҚ Басқарма төрағасы.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!