2018 жылдың IV тоқсанында еңбек нарығындағы 15-28 жастағы жұмыс күші 2 157, 7 мың адамды құрайды, оның ішінде жұмыс істейтін тұрғындардың саны 2 079, 2 мың адам, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі

«Өзін –өзі жұмыспен қамтығандар 23,7 пайызды құрайды. Жалдамалы жұмысшылар саны 76, 3 пайыз көрсеткішті қамтиды. Сонымен қатар, IV тоқсанында NEET санатындағы жастардың үлесі төмендеуде, яғни, 7 пайызды құрайды», - деді «Жастар» ғылыми зерттеу орталығы» ЖШС директорының орынбасары Әсем Қайдарова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Атап айтсақ, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2017 жылы 3,9 пайызды көрсетсе, 2018 жылдың IV тоқсанында 3, 6 пайызды құрайды.