Қазірдің өзінде аталған қызметтің 741 түрі бар. Олардың 454-і яғни 61 пайызы электронды нұсқада қолжетімді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дəурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды 24.kz сайты.

Аталған қызмет түрі бизнесті дамытуда əкімшілік кедергілерді жою үшін қолға алынған. Былтыр бұл бағытта 64 жаңа мемлекеттік қызмет электронды форматқа ауыстырылған. Мәселен, мерзімді басылымдар және ақпараттық агенттіктер мен желілік басылымдарды сондай ақ тұрақты жұмыс орнын іздеп жүрген азаматтарды тіркеу, асылтұқымды мал шаруашылығын тағы басқа да бағыттарды субсидиялау сынды қызмет түрлері электронды үлгіде көрсетіліп жатыр.

Бүгінде egov-қа сегіз жарым миллионнан астам адам тіркелген. Тек өткен жылдың өзінде аталған портал арқылы мемлекеттік қызметтің 30 миллион түрі көрсетілген.

Қазіргі уақытқа дейін 23 мың рет пайдаланылған. Бұдан бұрын бір көлік тіркеу алты сағатқа созылса, қазір екі-ақ сағат жұмсалады. Сондай ақ көлікті сату немесе сатып алу үшін 20 минут қана жеткілікті. Қазақстандықтардың 64 пайызы интернетті смартфон арқылы пайдаланады. Сондықтан электронды үкіметтің МГОВ мобильді қосымшасы жетілдірілмек. Бұл қосымшаны қазір 1 миллион 300 мың адам қолданып жүр. Тағы бір жаңалық, некеге тіркелуді 3 жұмыс күнінде рəсімдеуге болады. Бұрын ол үшін 3 ай уақыт қажет еді. Осылайша, биыл көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы 90 пайызы автоматтандырылады. Бір жылда 110 миллион қағаз құжаттар қысқарады.