Қазіргі уақытта жоғалған балалар жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді.

«Қазір жұмыс жалғасуда. Қазіргі уақытта екі адам қайтыс болды. Эвакуация нәтижесінде ата-аналарының қарауынсыз қалған балалардың бәрі табылып жатыр. Жоғалған балалар жоқ! Жоғалған азаматтар туралы хабарлар келіп түскен жоқ», - деді Юрий Ильин.

Қазір халықты уақытша орналастыру үшін эвакуациялық пункттер жұмыс істеп жатқанын да айтып өтті.

«Қолдаудың арқасында, халықты қоса алғанда, Қазақстанның барлық өңірлерінен қаржылай көмек жиналуда. Дәрілер мен азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр», - деді Юрий Ильин.