Мектеп оқулығының салмағы 1-4 сынып оқушылары үшін 300 грамнан, 5-6 сыныптар үшін 400 грамнан, 7-9 сыныптар үшін 500 грамнан және 10-12 сыныптар үшін 600 грамнан аспауы тиіс. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында айтты.

«Кез келген өнім сияқты оқулықтар да қолдан жасалатынын атап айту қажет. Әдетте, мұндай өнім қаланың базарларында сатылады, бағасы өндірушінің бағасына қарағанда анағұрлым арзан. Пайдаланылған қағаздың сапасы төмен, оның әріптері бұлдырап көрінеді, сондай-ақ оқулықтың салмағы ауыр болады», - деді Жандарбек Бекшин.

Өз сөзінде жеткіліксіз кітаптарды арнайы дүкендерден сатып алуды ұсынды.

Сонымен қатар, кітаптардың салмағы көрсетілген мөлшерден артық болған жағдайда Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне хабарласу қажет екендігін айтты.

«Жыл сайын оқушыларға оқулықтар 1 қыркүйекке қарай беріледі, сондықтан құрметті ата-аналар, салмағы артық кітаптар анықталған жағдайда 74-18-64 телефоны арқылы немесе Комитеттің сайтына хабарлауды сұраймыз», - деді ол.