«Дипломмен ауылға» бағдарламасына деген сұраныс жыл сайын артып келеді.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов министрліктің халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Біздің министрлік «Дипломмен ауылға» бағдарламасының әкімшісі болып табылады. Жыл сайын осы бағдарлама арқылы 5 мың азамат көмек алады. Бұл, ең алдымен, өтеусіз қамтамасыз ету - 70 АЕК. Сондай-ақ, егер АЕК қайта есептелсе, несие береді, 3,8 млн. теңге шамасында. Ставкасы 0,01 пайызды құрайды. 15 жылға қарастырыған. Егер сіз пайыз мөлшерін есептесеңіз, ол шамамен 6 мың теңгеге жетеді», - деді министр.

Руслан Даленовтің айтуынша, бағдарламаға қатысуға сұраныс өте көп және өтініштер келіп жатыр. Биылғы жылы бюджет қаражаты кепілге қойылып, 5 мыңға жуық адам «Дипломмен ауылға» бағдарламасын пайдалана алады.