Соңғы 10 жыл ішінде индустрияландыру бағдарламасы аясында тау-кен металлургия кешенінде 114 жоба іске қосылды. Бұл туралы ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында мәлімдеді.

«2018 жылдан 2025 жылға дейін кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын цифрландыру аясында 1,7 трлн теңге сомасына 192 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оларды іске асырудан болатын экономикалық тиімділік 2025 жылға дейін 2.2 трлн теңге деңгейінде күтілуде»,- деді Қанат Баитов.

Ал қазіргі уақытта 2025 жылға дейін 1,75 трлн теңге тиімділігімен 79 жобаны аяқтаған.

«Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында 70,3 млрд теңге сомасына 53 жобаны аяқтау жоспарлануда»,- деп айтып өтті.

Спикердің айтуынша, тау-кен металлургия кешені жалпы ішкі өнімнің шамамен 6.7% - ын, өнеркәсіптік өндірістің 25% - ын және экспорттың 24% - ын құрайды. Салада 800-ден астам кәсіпорын және 185 мың жұмыс орны бар.

Айта кетсек, 2015-2019 жылдар аралығында 4-ші өнеркәсіптік революция стандарттарына жауап беретін жаңа жабдықтары бар қазіргі заманғы тау-кен металлургия кәсіпорындары пайдалануға берілді. Олар: Казминералс Ақтоғай және Бозшакөл, Бақыршық КБК, Sary-Arka cooper processing және басқа кәсіпорындар.