Қазақстанның үш қаласында интернет дүкендер ашу және оны жүргізу бойынша сауаттылықты арттыратын «Е-коммерс» орталықтары жұмыс істейді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Қазпошта» АҚ -мен бірлесіп «Е-коммерс» орталықтары ашылған болатын. Ол кәсіпкерлердің және жеке халықтың цифрлық сауаттылығын, қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында оқытулар жүргізуде. Яғни, интернет дүкенді ашу және оны жүргізу бойынша өткізіледі», - деді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Сауда қызметін реттеу департаментінің сарапшысы Мұхтар Аяпбергенов.

Қазіргі таңда «Е-коммерс» орталықтары Нұр-Сұлтан және Алматы, Қарағанды қалаларында жұмыс істейді. Алдағы уақытта орталықты Шымкент қаласында ашу жоспарлануда.

Айта кетсек, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Электрондық сауданы дамыту жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған жол картасы әзірленген болатын.