Культура

Режиссер Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының «Мұзбалақ» атты толықметражды анимациялық фильмі Чехияның Злин қаласында өтетін 59-шы балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдер ХКФ «Панорама» атты конкурстан тыс бағдарламасында көрсетіледі.

Фестиваль 2019 жылғы мамырдың 24 мен маусымның 1 аралығында өтеді. Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген.

Zlin Film Festival балалар фильмдеріне арналған әлемдегі ең ескі әрі ауқымды кинофестиваль. Фестиваль аясындағы көрсетілімдер Злин қаласынан бөлек Чехияның басқа да ...

Білім және ғылым министрлігі мен "ҚазТрансОйл"АҚ бірлескен жобасы аясында "мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша 400-ден астам студент және бейінді жоғары оқу орындары мен колледждердің оқушылары мұнай тасымалдау компаниясының кәсіпорындарында ақылы өндірістік тәжірибеден өте алады.

« Білім және ғылым министрлігі Жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, еліміздің жетекші кәсіпорындарында студенттердің кәсіби тәжірибесін ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды. Біз болашақ мамандарға бастапқы жұмыс тәжірибесін алуда, практикалық дағдылармен өзара байланыста теориялық білімді жақсы қабылдауға бағытталғ

2019 жылғы 19 сәуір күні Назарбаев орталығының ғимаратында «Түркі интеграциясының архитекторы» және «Елорда эпопеясы» кітаптарының тұсаукесері өтті.

«Түркі интеграциясының архитекторы» кітабында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың түркі әлеміндегі рөлін толықтай ашатын бірқатар мемлекет басшыларының, танымал саясаттанушылар мен сарапшылардың, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінің пайымды пікірлері мен орамды ойлары топтастырылған.

«Елорда эпопеясы» басылымы ел тәуелсіздігінің нышаны – Қазақстанның елордасының 20-жылдығына орай шығарылған. Бұл кітапқа «Егемен Қа

Елордада ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен партияның кезектен тыс ХІХ съезі өтіп жатыр, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық тәжірибесі БҰҰ деңгейінде жоғары бағаланғанын білесіздер. Осы жаһандық құрылымда ол Бас хатшының орынбасары ретінде қызмет етті. Дипломатиялық жетістіктерімен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік басқару саласында мол тәжірибе жинады. Ол ел дамуының ең күрделі кезеңінде Қазақстан Үкіметін басқарды. Естеріңізде болса, 1998 жылғы Азияда

Республикалық деңгейдегі «Nomad explorer» экспедициясы Түркістан облысына келді. «Оңтүстік аңыздары» деген тақырыппен өтіп жатқан туристік экспедицияға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 700-ге жуық саяхатшы қатысып жатыр.

Алдымен Жамбыл облысының киелі орындарын аралаған саяхатшылар Түркістан облысының да табиғаты мен шежірелі тарихымен танысты.

Бәйдібек ауданындағы Ақмешіт үңгіріне келген қонақтар мұндағы ерекше көрініске сүйсінді. Ғалымдардың зерттеуінше, Ақмешіт үңгіріндегі ауа адамның жүйкесін тыныштандырып, қан қысымын жақсартады. Бойдағы жағымсыз энергияны тартып алады. Белгілі ...

Халық фольклоры және музыкасының құнды мұраларын зерттеу мақсатында еліміздің түкпір түкпіріне экспедиция жүргізілмек.

«Біздің алдымызда тек осы жылда емес, осыдан кейінгі жылдарда да өңірлерге де оның ішінде біздің шет аймақтарда тұратын біздің қандастарымызда да осы бағыттағы экспедиция жүргізу ойымызда бар. Оның ішінде фольклор ғана емес музыка саласында да арнайы мамандар енетін құрамда жасақталған экспедиция шығару біздің жоспарда бар. Және олар жүзеге асырылады. Бүгінгі күн ертеңгі тарих сол себепті атқарыла беретін жұмыс өте көп», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет жән

«Дала фольклорының антологиясы» аудиожинағы 1000 данамен жарыққа шығып, ұлттық және республикалық кітапханалар мен жоғарғы оқу орындарына, өнер мектептеріне таратылады.

«Аудиожинақты шығару үшін арнайы топ құрылып, «Алтын қорымызда» сақталған рухани жәдігерлер бойынша жинақ әзірлеуге кіріскен болатын. Антология-еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейінгі аудиторияны қамтиды. Өйткені жинақ 7 бөлімнен тұрады. Ертегі, батырлар жыры, әндер, күйлер, айтыс, салт-дәстүр, атадан қалған асыл сөз атты бөлімнен кез-келген адам өзіне рухани азық алады», - деді «Qazaq radiolary» ЖШС-нің директоры Құрманб

«Дала фольклорының антологиясы» жинағы Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынның аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен жүзеге асты.

«100 жылға жуық тарихы бар «Қазақ» радиосының Алтын қорында сақталған рухани мұраларымызды жарыққа шығару өте маңызды әрі елеулі оқиға деп ойлаймын. Тұңғыш Президентіміз Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын мақаласы осы екі томдық жинақты шығаруға түрткі болды. Ең алдымен, бұл жоба арқылы балаларымыздың санасына бабаларымыздың бай мұрасын сіңіреміз», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәуре

Мамыр айында айтыскер ақынның 35 айтысы 450 беттік кітап болып шықпақ.

"35 айтысым жинақталып, 450 беттік үлкен кітап даярлануда. Алматыда өтетін жеке ән кешіме дейін жарық көреді деп жоспарлап отырмыз. Айтыста жүрген 30 жылға жуық уақытымда 500 рет айтыссам, соның ішіндегі 35 айтысымды ғана таңдап, халыққа арнап кейінгі ұрпақ айтысты зерттесе, ақындардың айтысын оқығылары келсе тауып алсын деген ниетпен кітап шығарып жатырмыз", - деді айтыскер-ақын Балғынбек Имаш.

Сонымен қатар, өзге де ақындардың айтыс өнерінде кітап болып қалып жатқан мұралары туралы айтып өтті.

«Айнұр да, Сара да, Жанда

«Ұлы дала ән мен жыры, ақындықтың жеті қыры» атты республикалық туры 25-сәуір Талдықорған қаласында басталады.

Кештер легі Семей, Павлодар, Ақтау, Қарағанды, Жаңаөзен, Петропавл, Орал, Тараз - бас-аяғы 22 қалада жалғасын табады деп жоспарлануда.

«Республикалық тур Бұл ауқымды жобаның ең басты мақсаты - қазақ халқының арасында, қазақ жерінің түкпір-түкпірінде айтысты кеңінен бағыштау. "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында көрсетілген басымдықтар қазақ халқының төл өнеріне, фольклорына қатысты. Ал соның ішінде айтыс өнері ерекше орын алады. "Ұлы дала ән мен жыры, Ақындықтың жеті қыры" жобасының а

Кітап көрмесіне қатысушыларды 150-ден астам іс-шаралар мен таныстырылымдар күтіп тұр.

Көрмеде жас авторлардың қатысуымен «Ашық әңгіме» ақындық марафон, кітаптық әңгімелесу (book talks), әдебиет клубының отырысы, «Кітапты қалай тиімді оқу керек?» тақырыбына арналған шеберлік сыныптары, танымал ақын-жазушылармен автограф-сессия ұйымдастырылады. Олардың ішінде балалар кітабы Бүкілресейлік фестивалінің директоры және жазушы Юрий Нечипоренко, «Кит плывёт на север», «Совиный волк» кітаптарының авторы Анастасия Строкина бар. Сондай-ақ, танымал балалар жазушысы Анна Гончаровамен интерактивті және шыға

Төртінші рет өткелі отырған «Eurasian Book Fair-2019» Еуразиялық халықаралық кітап жәрмеңкесіне қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. Биыл Қазақстан, Ресей, Польша, Әзербайжан, Түркия, Латвия, Қытай, Бельгия, Украина, Иран, Өзбекстан елдерінің кітап баспалары қатысады.

«Бұл кітап жәрмеңкесі– 13 мемлекеттің баспалары мен кітап нарығының өкілдерінің басын қосып, қазақстандық оқырмандармен жүздестірген ұлы жиын. Жыл сайын бұл шараның мазмұны мен ауқымы өсіп, халықтың қызығушылығы артып жатқаны қуантады, - деді «Фолиант» баспасының директоры Исабеков Нұрлан.

Көрме аясында кешенді мәдени-іск

Елордада 24-27 сәуір аралығында «Eurasian Book Fair–2019» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді.

«Әлемдік кітап нарығының 20 шақты еліндегі өкілін Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында жинау идеясы бекерден пайда болған жоқ. Өйткені Нұр-Сұлтан қаласы - Еуразия құрлығында инновациялық әрі зияткерлік табыстар мен үздік технологиялардың енуі арқылы жылдам өсіп, ғаламат дамып келе жатқан мегаполистердің бірі», - деді ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Асқаров Әлібек Орталық коммуникациялар қызметінде.

Көрме аясында кешенді мәдени-іскерлік бағдарламалар жүзеге ас

«Kazakhstan Fashion Week» подиумында алғаш рет «Астана балет» театрының жетекші солистері Риза Қанатқызы мен Айжан Мұқатова шығады.

Биылғы Сән апталығы Kazakhstan Fashion Week.ұлттық жобасының 15 жылдығына арналып отыр.

"Бүгін біз алғаш рет осындай ынтымақтастыққа ие болып отырмыз. Біз балет өнері мен сән индустриясын біріктірдік. Алғаш рет «Астана» балет театрының жетекші солистері қазақстандық сән апталығына қатысады. Біз мұнда мини-спектакльді, қойылымды көретін боламыз, сонымен қатар олар біздің қазақстандық дизайнерлеріміздің көрсетілімдеріне қатысады", - дейді «Қазақстан сән апталығының

17, 18 және 19 сәуірде «Астана балет» театрында шетелдік және отандық дизайнерлердің қатысуымен Қазақстан Сән Апталығы өтеді.

Қазақстандық сән апталығына келушілер Ресейдің топ-стилистері Оксана Он мен Гала Борзова, Қазақстандық және американдық топ-модель Алена Субботина мен қазақстандық танымал дизайнерлердің шеберлік сабақтарына қатыса алады.

Сонымен қатар, «Kazakhstan Fashion Week» подиумында алғаш рет «Астана балет» театрының жетекші солистері Риза Қанатқызы және Айжан Мұқатова да шығады.

3 күнге жалғасқан «Kazakhstan Fashion Week» сән апталығының алғашқы күнінде, 17 сәуір күні А