Культура

ҚР Энергетика министрлігінде жаңа Экологиялық кодекс жобасын әзірлеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы энергетика министрі Қанат Бозымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.

Энергетика министрінің айтуынша, ең негізгі бағыттардың бірі – «ластаушы төлейді» халықаралық экологиялық принципін іске асыру.

«Ластаушы үшін айыппұл төлеудің орнына ластауға жол бермеу және ең озық қолжетімді технологияларды енгізу экономикалық жағынан тиімді болады», - деді Қанат Бозымбаев.

Ал эмиссиялар үшін өндіріп алу жүйесі және төлемдер мөлшерлемесі қайта қарастыр

20 маусымнан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында «Я здесь» атты қазақстандық детективтік триллері көрсетіледі.

Кинотаспа шығарумен "Creative KZ" продакшн-компаниясы Ресейден келген серіктестермен бірге айналысқан.

«Түсірілім осы қыста Нұр-Сұлтанда өтті. Кинокартинаның әрекеті көрермендерді үйлену тойы қарсаңында тойдың басты қатысушысы - қалыңдық жоғалған елордалық қонақүйлердің біріне апарады. Бір қарағанда қалыпты жағдай, тергеушінің ойынша, той алдындағы қобалжуға байланысты пайда болуы мүмкін, бірақ түнгі уақытта қонақүй тұрғындарының тыныштығын бұзған күрделі мәселеге айналады», - д

«BI Group холдингі «Өзіңнен баста» жобасы аясында әлемдік фильмдердің қазақ тіліне дубляждалуына биылғы жылы 259 млн теңге бөлді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Өзіңнен баста» жобасының маңыздылығын түсіне отырып, біз 800 млн теңге бөліп отырмыз. Атап айтсақ, 2018 жылы – 150 млн теңге, 2019 жылы – 259 млн теңге бөлінсе, ал алдағы 2020 жылы – 350 млн теңге көлемінде демеушілік көрсетеміз», - деді BI Group холдингінің құрылыс индустриясын цифрландыру жөніндегі директоры Асхат Тұрғынбекұлы.

Айта кетсек, BI Group холдингі әлемдік фильмдердің қазақ тіліне дубляждалуына қолдау көрсетеді. «Ойы

«Өзіңнен баста» жобасында қазақ тіліне дубляждалған «Ойыншықтар хикаясы-4» 30-шы мерейтойлық фильмі 20 маусымда республикалық прокатқа шығады, деп хабарлайды ortcom.kz.

«Өзіңнен баста» әлеуметтік жобасын іске асыру кезінде қазақ тіліне 30 голливудтық кинокартина, атап айтқанда, «Walt Disney Pictures», «Pixar» студияларының 14 анимациялық фильмі және «Sony Pictures», «Disney», Lucasfilm Ltd және Marvel Studios Inc. студияларының көруге арналған 16 отбасылық фильмі дубляждалды», - деді «Болашақ» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Чайжунусова.

8 жыл бойы жұмыс істеп ...

Биыл Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толады. Мерейтой қарсаңында 46 іс-шара өтеді, деп хабарлайды ortcom.kz.

«Облыс орталығы болғалы арада бір жыл өтті. Бұл уақыт Түркістан үшін аса маңызды кезең болды. Көне шаһар күннен-күнге көркейіп, заманауи келбетке ие болып келеді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық саласы, рухани-мәдени бағытында оң өзгерістер орын алды», - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев.

Айтуынша, облыстың 1 жылдық мерейтойы аясында 46 жоба өткізіледі.

«Түркістаным - Тұраным» тақырыбында облыстық музейлер мен кітапханаларда дөңгелек үстелдер мен кезде

10 бөлімнен тұратын «Төле би» кинохикасының түсірілімі Түркістан облысында өткен.

«Төле би» кинохикаясы облыс әкімдігінінің қаражатынан қаржыландырылып түсірілді. 2018 жылы әкімшіліктен «Оңтүстік» фильм және «Сақ киностудиясына» тапсырыс беріліп түсірілген. Жалпы фильм 10 сериядан тұрады. Төле бидің өмірі, балалық шағынан қартайып өмірден өткенге дейінгі басынан өткен оқиғалары қамтылған. Жалпы фильмге 153 млн қаржы бөлінді», - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев.

«Төле би» фильмі 6- шілдеде астана күніне орай «Хабар» арнасы арқылы көрерменге жол тартады.

«Фильмнің түс

Түркістан облысын дамытуға арналған жас мемлекеттік қызметшілер әзірлеген үздік жобалар әкімдік тарапынан толық қолдау табатын болады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жинында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі Түркістан облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жобалардың басым көпшілігі өңірдегі туризм саласын дамытуға бағытталған. Атап айтқанда, «I-Shatyr» жобасы. Ол – Ясауи кесенесі аймағында ыстықтан қорғайтын смарт шатырлар жүйесін орнату идеясы. Жобаны ұсынушы Жанбота Оразбаеваның айтуынша, интеллектуалды шатырлар ыстық климатты Түркістан қал

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Ақбауыр шатқалында архелогтар сақтардың ежелгі қонысын тапты, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

9 маусымда белгілі қазақстандық археолог Зейнолла Самашев облыс әкімі Даниал Ахметовті Ұлан ауданы Бестерек ауылынан солтүстікке қарай 3 шақырым жерде орналасқан Ақбауыр тауындағы археологиялық ескерткіштерден табылған сенсациялық жаңалықпен таныстырды.

Бұл жерде жартас суреттері мен петроглифтері бар алаптарымен атақты Ақбауыр шатқалында Зейнолла Самашев соңғы қола дәуіріндегі және ерте темір дәуіріндегі қоныс қалдықтарын

Бүгін Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күні 27-нші рет атап өтіледі, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік үш нышанды таңдау үшін 1992 жылдың басында Жоғарғы Кеңес президиумы жұмыс тобын құрып, арнайы шығармашылық комиссия тағайындады. Оның құрамына Салық Зиманов, Ербол Шәймерденов, Серікболсын Әбділдин, Серік Әбдрахманов және т.б. қайраткерлер кірді.

Осыдан кейін бүкіл Қазақстан көлемінде Елтаңба, Ту, Әнұран нұсқаларына конкурс жарияланды. Бір ғана тудың өзіне 600 адамнан 1 200 нұсқа түссе, Елтаңбаның 245 жобасы, әнұранның 750 үлгісі байқауғ

Биыл «Астана кештері» VIII халықаралық өнер фестивалі аясында отандық және әлемдік өнер жұлдыздарының қатысуымен 5 қайырымдылық концерті өтеді.

«Фестивальдің басты мақсаты– халықтың түрлі әлеуметтік топтарына әлемдік өнердің жауһарларын тамашалауға мүмкіндік беру. Сондықтан қайырымдылық мақсатта өткізілетін бұл жобаның концерттеріне барлық билеттер тегін таратылады. Әлемде теңдесі жоқ фестивальдің ерекше қонақтары – мүмкіндігі шектеулі жандар. Ұйымдастырушылар оларға концерттерге келуі үшін арнайы көлікпен қамтамасыз етеді», - деді «Қазақконцерт» МКҰ директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қа

Маусым айының 3-7 аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Астана кештері» VIII халықаралық өнер фестивалі аясында отандық және әлемдік өнер жұлдыздары 5 қайырымдылық концертін береді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Биылғы фестиваль аясында Италия, Франция, Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Қазақстан елдерінің белгілі өнер жұлдыздары, сондай-ақ «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрі мен «Форте трио» мемлекеттік триосы өнер көрсетеді. Сондай-ақ Медет Чотабаев сынды дарынды өнерпаздарымыз әлем мойындаған музыканттармен бірге бір сахнада өнер көрсетпек», - «Қазақконцерт» МКҰ директоры, Қазақстанның ...

Бүгіннен бастап қазақ тілінде дыбысталған голливудтық 29-ыншы туынды - «Аладдин» көркем фильмі көрерменге жол тартады, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

Шет елдік фильмдерді мемлекеттік тілге дубляждаудың арқасында әлемге әйгілі кейіпкерлер миллиондаған қазақстандық балалардың алдында қазақша сөйлеп, оларға одан әрі жақындай түспек.

«Аладдин» фильмі Шах-Мұрат Ордабаевтың режиссерлігімен және Асель Мамырованың аударуымен дубляждалды. Аладдинді қазақша сөйлеткен - Айсұлтан Жалиев, Жасмин рөлін дыбыстаған - Шехназа Қызыханова, Жынның рөлінде - Дәурен Серғазин, ал Джафарды Нұрлан Әлімжанов қаз

Режиссер Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының «Мұзбалақ» атты толықметражды анимациялық фильмі Чехияның Злин қаласында өтетін 59-шы балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдер ХКФ «Панорама» атты конкурстан тыс бағдарламасында көрсетіледі.

Фестиваль 2019 жылғы мамырдың 24 мен маусымның 1 аралығында өтеді. Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген.

Zlin Film Festival балалар фильмдеріне арналған әлемдегі ең ескі әрі ауқымды кинофестиваль. Фестиваль аясындағы көрсетілімдер Злин қаласынан бөлек Чехияның басқа да ...

Білім және ғылым министрлігі мен "ҚазТрансОйл"АҚ бірлескен жобасы аясында "мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша 400-ден астам студент және бейінді жоғары оқу орындары мен колледждердің оқушылары мұнай тасымалдау компаниясының кәсіпорындарында ақылы өндірістік тәжірибеден өте алады.

« Білім және ғылым министрлігі Жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, еліміздің жетекші кәсіпорындарында студенттердің кәсіби тәжірибесін ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды. Біз болашақ мамандарға бастапқы жұмыс тәжірибесін алуда, практикалық дағдылармен өзара байланыста теориялық білімді жақсы қабылдауға бағытталғ

2019 жылғы 19 сәуір күні Назарбаев орталығының ғимаратында «Түркі интеграциясының архитекторы» және «Елорда эпопеясы» кітаптарының тұсаукесері өтті.

«Түркі интеграциясының архитекторы» кітабында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың түркі әлеміндегі рөлін толықтай ашатын бірқатар мемлекет басшыларының, танымал саясаттанушылар мен сарапшылардың, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінің пайымды пікірлері мен орамды ойлары топтастырылған.

«Елорда эпопеясы» басылымы ел тәуелсіздігінің нышаны – Қазақстанның елордасының 20-жылдығына орай шығарылған. Бұл кітапқа «Егемен Қа