Экономика

Ағымдағы динамиканы ескере отырып, тұрақты дамудың барлық 17 мақсатына жету үшін көп күш жұмсау керек. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Армида Салсия Астана экономикалық форумы аясында өткен баспасөз маслихатында баяндады.

«Жетекші әлемдік ғалымдар мен сарапшылар осы аптада Астана экономикалық форумына жиналды. Олардың басым бөлігі 2030 жылға дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму күн тәртібінде және ол Қазақстан мен Орталық Азиядағы экономикалық өсу мен әлеуметтік дамудың ұзақ мерзімді стратегияларын қалыптастыруға ықпал етуі тиіс. Халықаралық озық тәжірибелерді және практикалық ...

Ресейдің постиндустриалды қоғамды зерттеу орталығының директоры Владислав Иноземцев Астана экономикалық форумының неліктен маңызды екенін айтты, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Біз төртінші өнеркәсіптік революция тақырыбына, не болуы мүмкін екендігіне, қандай салдары мен сын-тегеуіріні бар екендігіне назар аудардық. Бұл Қазақстанға артықшылықтармен қатар кемшіліктер де әкелуі мүмкін. Егер шынымен де өндірістің Батысқа жаһандық ығысуы орын алатын болса, онда дамушы және индустриалды елдерге позицияларын байыппен қайта қарауға туралы келеді»,- деді ол.

Осы

Түркия инвесторлары биыл Түркістан қаласында жаңа әуежай құрылысын бастайды. Бұл туралы бүгін елордада Астана экономикалық форумы аясында өтіп жатқан Жаһандық инвестиция бойынша «дөңгелек үстел» барысында айтылды, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Түркістан қаласында түрік инвесторларының қатысуымен жаңа әуежайдың құрылыс жобасы басталғалы жатыр. Осы іс-шара барысында инвестормен келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз. Ертең Форум аяқталғаннан кейін бірден Түркістан қаласына бару көзделген. Әкімдік деңгейіндегі мәселелердің барлығы сол жерде шешілуі керек. Жа

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин шетелдік инвесторларды Қазақстан нарығында жұмыс істеуге шақырды, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан инвестициялық саясаттың маңызын ескере отырып, Премьер-Министрдің жұмысына инвестициялық омбудсмен міндетін жүктеді. Шетелдік бизнеске тәжірибе үйрету мақсатында шетелдік тікелей инвестициялар бойынша Үйлестіру кеңесі құрылды. Кеңес инвестициялық жобаларды іске асыру процесі кезінде мәселе туындаса, шешім іздейтін болады. Ақырында, жеке секторға негізделген экономикалық өсімнің берік моделін құрғымыз келеді», - деді Асқ

Премьер-Министр РК Аскар Мамин принимает участие в первом казахстанском форуме по целям устойчивого развития в рамках АЭФ-2019, передает корреспондент ortcom.kz со ссылкой МИА «Казинформ».

«Форум по целям устойчивого развития на территории Казахстана проводится впервые. Надеюсь, что обмен знаниями и идеями членов ООН станет регулярной частью Астанинского экономического форума. Я хочу воспользоваться возможностью и выразить глубокую благодарность ООН - госпоже Армиде Салсие Алишахбане (заместитель Генерального секретаря ООН - авт.) за те усилия, направленные на устойчивое и более качественное ...

Армения президенті Армен Саркисян Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан ХІІ Астана экономикалық форумы барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Барлығы да болжай білуден, армандай білуден басталады, өйткені біз адамбыз. Менің мұнда алғаш келгенім есімде, шағын ғана қала болатын. Қалада бос жерлер көп болатын. Содан соң ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арманы пайда болып, ол жүзеге асты. Ол арман – осы қаланы қазақ елінің елордасы ету. Енді қараңыздар, Қазақстан астанасының аз уақыт ішінде қалай қалыптасқанын. Біз бүгін Нұр-Сұлтан қаласындамыз ...

**Ядролық қаруға иелік етуге ұмтылу ешкімге де жақсылық әкелмейді. Бұл туралы бүгін XII Астана экономикалық форумы барысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылы форум тақырыбы қазіргі заманғы трендтерді ескере отырып, «Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар» деп айқындалған және Қазақстан осынау процестердің бөлшегі саналады. Бір қарағанда әлемдегі экономикалық даму тұрақты сияқты көрінеді. Бірақ, оның тасасында іргелі, күрт әрі теңсіздік тұр. Әлемдік экономикалық өсім қарқыны б

Астана экономикалық форумында айтылған ұсыныстар мен қорытындылар Қазақстанға жаһандық сын-тегеуріндерге дер кезінде үн қатуға мүмкіндік берді. Бұл туралы бүгін XII Астана экономикалық форумы барысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Біздің тұрақты кездесуіміз жақсы дәстүрге айналды және осынау алаңда қалыптасқан достық ахуалды өте жоғары бағалаймын. 2008 жылы осындай форум ұйымдастыру туралы бастама көтеріп, ол тұрақты өте бастады. Бүгін міне, 12 форум өткізіп жатырмыз», - деді форумды ашқан Елбасы....

ХІІ Астана экономикалық форумы барысында «Ақылды қалалар – цифрлық экономиканың негізі» тақырыбында өткен баспасөз маслихаты өтті.

«Форум бағдарламасынан ауыл шаруашылығындағы өндірісте цифрлық даму бар екенін көріп отырмыз. Бірақ қалалар көбінесе болжанбайтын көптеген іс-шаралардың өтуімен ерекшеленеді. Сондықтан, қалалық өзгерістер тақырыбына цифрлық түрлендіру өте маңызды. Мұнда қалалық өмірге жаңа баға берілетін болады», - деді Ішкі нарық, ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Еуразия экономикалық комиссиясы министрінің көмекшісі Александр Петров.

Айтуынша,...

XII Астана экономикалық форумына әлемнің 74 елінен 5 492 делегат қатысуда.

«Мен 2008 жылы форумды өткізу туралы бастаманы көтеріп, содан бері форум тұрақты өтіп келеді. Форум жұмысы барысында жыл сайын жаһандық және өңірлік маңызды проблемалар қарастырылады. Оның ішінде жақын уақыттағы қоғамның дамуына әсер ететін стратегиялық сұрақтар бар. Осы жылдар ішінде біз кең ауқымды сұрақтарды көтердік, атап айтқанда G-Global жобасы, экологиялық проблемалар, кедейлікпен күрес, адами капиталдың дамуы және жаңа энергия», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

Айтулы халықаралық шараға қатысып жатқан шетелді

Қазақстан үш айда 13 млрд доллардың тауарын экспорттады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ел экономикасының І тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Осы жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда айналымы 20,4 млрд долларды құрады. Экспорт көлемі 13,3 млрд доллар болды», - деді Р. Дәленов.

Оның айтуынша, мұнай мен металдарды қоспағанда экспорттық жеткізілімдердің өсімі 19,8 пайызға жеткен.

«Импорт 2,7 пайызға төмендей отырып, 7 млрд долларды құрады», - деді ол

«Қарапайым заттар экономикасы» мен халық тұтынатын тауарлар номенклатурасын кеңінен игері мәселелері талқыланды.

Қарапайым заттар экономикасын дамыту аясында Үкімет халық тұтынатын тауарларды, сондай-ақ шикізат пен бастапқы қайта өңдеу өнімдерін өндіруді қолдап отыр. Бұл тәсіл толық қосылған құн тізбектерін арттыруды қарастырады.

«Үкімет халыққа қажет дайын шикізат өндірісін ғана емес, қажетті шикізат пен бастапқы өңдеу өнімдерін өндіруді қолдайды. Бұл тәсіл қосылған құн тізбектерін арттыруға арналған. Мысалы, «қант қызылшасы – қант – кондитерлік өнімдер», «жемдік дақылдар және ірі қара мал

«Қазақстандағы энергия тиімділігін арттыру» жобасының аясында 85 әлеуметтік нысандарды жарықтандыру бойынша энергия тиімділігін арттыру жұмыстары жүргізілуде.

«Жоғары энергетикалық қарқындылық елдің экономикалық бәсекеге қабілеттілігі, денсаулық сақтау және қоршаған орта үшін елеулі шығындарға алып келеді. Осы жобаның көмегімен экономикалық тиімді модернизациялау әкімдіктерге көміртегі шығарындыларын азайтуға байланысты ауа сапасын жақсартуға көмектесетінін, сондай-ақ энергия шығынын төмендету арқылы бюджетке айтарлықтай үнемдеуді көрсетуге тырысамыз», - деді Дүниежүзілік банктің Қазақстанда

«Энергетикалық мониторинг нәтижелері бойынша жылумен жабдықтауға арналған жыл сайынғы үнемдеудің орташа мөлшері 30% және электр энергиясына 15%-ды құрайды, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Жобаны іске асыру аясында бюджеттік энергия тұтыну шығындарын айтарлықтай үнемдеуге қол жеткізуді көрсету үшін 85 әлеуметтік нысандарды, соның ішінде 42 мектеп, 23 балабақша, 12 медициналық мекеме, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі 8 көше жарықтандыру бойынша энергия тиімділігін арттыру жұмыстары жүргізілуде» - деді «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржа

Ақмола облысы тауар өндірушілерінің өнімдері брендке айналды. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлік Мырзалин тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Аймақ басшысының айтуынша, өткен жылы өңірде қайта өңдеу секторына 26 миллиард теңге инвестиция тартылды. Яғни, алдыңғы жылмен салыстырғанда төрт есеге артық.

Оның ішінде басты инвест жоба - ол «Макинск құс фабрикасы» ЖШС жобасы. Жобының екінші кезеңі жүзеге асырылған 2020 жылы кәсіпорын еліміздің құс етіне деген ішкі сұранысының 15 пайызын жауып, импорт үлесін 30 пайызға азай