Қазақстанда 9 маусым күні өтетін кезектен тыс Президент сайлауында елордалықтар 304 сайлау учаскесінде дауыс бере алады, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сілтеме жасап.

«Елордада 304 сайлау учаскесі тіркелген. Оның 239-ы қала ішінде. 65-і шетелдердегі өкілдіктерде, елшіліктер мен консулдықтарда. Шетелдегі сайлау учаскелерімен Сыртқы істер министрі айналысады. Жалпы, біздің есебіміз бойынша Нұр-Сұлтанда 600 мыңға жуық дауыс беруші болады. Бірақ, бұл нақты сан емес. Сайлау күні қарсаңында нақты қанша елордалықтың дауыс бере алатыны жайлы қосымша ақпарат береміз», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Азамат Ахмеджанов.

Бұл туралы ол ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және елорданың сайлау учаскелерінде азаматтарды тіркеуді өткізу мәселелері жөніндегі қалалық әкімдікте өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, шетелдерде Қазақстанның дипломатиялық елшіліктері мен өкілдіктері бар. Яғни, шетелде жүрген елордалықтар немесе қазақстандықтар сол өкілдіктер арқылы Президент сайлауында дауыс беруге қатыса алады.

Сайлаушылардың тізімін нақтылау және өзектендіру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі біршама жолдарды қарастырып отыр.

Атап айтқанда, сайлаушы өзінің сайлау учаскесі туралы мәліметтерді білу үшін IKomek бірыңғай байланыс орталығының 109 телефонына хабарласа алады (24/7 режімінде). Сол секілді Smart Astana мобильдік қосымшасы арқылы да өзіңіздің сайлау учаскеңіз қайда екенін біле аласыз. Сол секілді, ақпарат алу үшін Telegram әлеуметтік желісіндегі @smartastana_bot чат-ботына тіркелуге болады. Бұл қызметтер бүгіннен бастап жұмысын бастайды.

«18 сәуірден бастап мекенжай деректерін (көшесі, үйі) енгізу арқылы қаланың электрондық картасында сайлау учаскелерін көруге болатын maps.astana.kz геопорталынан ақпарат алуға болады. Ал 24 сәуірден бастап Whatsapp messenger және Instagram әлеуметтік желісінде қызметтер іске қосылады. Азаматты нақты сайлау учаскесінде сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып табылады. Мекенжайлық ақпаратты тіркеу, түзету және тексеру үшін egov.kz электрондық үкімет порталына, «Азаматтық, миграция және иммиграция», «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау» бөліміне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына хабарласуға болады», - дейді Азамат Ахмеджанов.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!

Глава государства Касым-Жомарт Токаев:

"Весь Казахстан поможет Арыси, будет открыт специальный фонд. Я благодарю общественность города, ветеранов, они работают с населением. Надо разобраться в причинах взрыва, почему это произошло. Уголовное дело открыто, начато расследование. Если есть виновные, то они понесут ответственность по всей строгости закона. В дальнейшем город Арысь должен быть полностью очищен от всякого рода взрывных устройств"

Министр труда и социальной защиты населения Бердибек Сапарбаев:

«С прошлого года изменилась методика определения пенсии. Очень много было жалоб на то, что стаж не влияет на размер пенсии. С учетом просьб населения механизм определения базовой пенсии изменился. У нас 2,1 млн пенсионеров, у них базовая пенсия выросла на 80%. В целом за прошлый год пенсия выросла на 23%»

90,2 % населения обеспеченодоступом к питьевой воде в Казахстане - МИИР РК

6 тыс. квартир будут выделять для многодетных семей в Казахстане ежегодно