Халықаралық тағылымдама байқауына келіп түскен 47 жұмыстың ішінен 3 жеңімпаз және 5 үміткердің еңбегі анықталды.

«Бұл байқау екінші жыл өткізіліп отыр. Бүкіл Қазақстанның журналистеріне үлкен мүмкіншілік. Биылғы жылы 47 жұмыс келді. Олардың ішіндегі ең үздік жұмыстарды таңдау қазылар алқасына да қиын болды. Өйткені, барлығының да деңгейлері, сапасы өте жоғары», - деді «БК «Қазмедиа орталығы» ЖШС-ның БАҚ саласындағы біліктілікті арттыру орталығының басшысы Махаббат Есен.

«Хабар 24» телеарнасының тілшісі Алена Горбачева, "Время" газетінің тілшісі Тоғжан Ғани, «Atameken Business» телеарнасының тілшісі Жанна Алпысбаева байқау жеңімпаздары атанды.

Байқау Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы қатынастарды кеңейтуге әрі нығайтуға, ашық диалог қалыптастыруға және Қазақстан медиа қауымдастығында Еуропалық Одақ туралы хабардарлықты жетілдіруге бағытталған.

Байқауға өтінімдерді қабылдау осы жылдың 28 наурызынан 30 сәуіріне дейін жүргізілген болатын.