Кепілдік алу үшін кәсіпкерден тек өтініш және мәліметтерді өңдеуге келісім беру жеткілікті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында «ҚазАгроКепіл» АҚ Басқарма төрағасы Қазбек Иманқұлов мәлімдеді.

«Ерекше атап өтетін жайт ҚазАгроКепіл пайда табуды көздемейтін, коммерциялық емес ұйым болып табылады. Кепілдіктер өтеусіз негізінде беріледі. Комиссиялар жоқ. Несие бойынша мерзімі өтіп кеткен кезде, ҚазАгроКепіл 180 күн өткеннен кейін КС/МҚҰ-ға кепілдік төлемін жүргізеді», - деді Қазбек Иманқұлов.

Қазіргі уақытта 2 500-нан астам ауылдық елді мекендер және 45-тен астам шағын қалалар кепілдіктермен қамтылған. Кепілдендіруге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін «ҚазАгроКепіл» АҚ-ның облыстық орталықтарында және Алматы қалалаcында өкілдіктері ашылған.

Айта кетсек, кепілдік мөлшері өзгеріп отырады. Жұмыс істеп тұрған бизнес үшін несие сомасынан 50% -ға дейін жабылады. Жұмысын жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін несие сомасынан 85%, яғни жұмысын жаңадан бастаған кәсіпкерлерге несие сомасының 15%-ын жабатын кепілдігі болса жеткілікті. Қалған 85% «ҚазАгроКепіл» АҚ жауапкершілікке алады.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!