Top.Mail.Ru

2014 жылы өз жұмысын бастаған отандық «Самғау» өнеркәсібінің аяқ-киімдеріне деген сұраныс жылдан жылға артуда.

«Димаштың Қытайдағы, Лондондағы, Мәскеудегі концерттеріне аяқ-киімдерін жасап беріп жатырмыз, әрине Димаш алғысын білдіріп жатыр. Ең үлкен алғысымыз Елбасымызға аяқ-киім тігіп беріп, арнайы алғысын алдық. Өздеріңіз білетіндей қоғам қайраткері Бекболат ағамыз да киіп жүр. Халықта етікші десе, өмірде орнын таппаған, құлағы естімейтін адамдарды елестетеді. Осы стериотипті бұзу үшін мен өзімді кәсіпкер емес, етікшімін деймін», - деді отандық аяқ-киім өндірушісі Самғау Нәсіпхан ОҚК "Маңызды" сараптамалық алаңында.

Өз сөзінде кәсібіне маркетинг саласының жетіспейтінін де айтып өтті.

«2014 жылдан бастап Астана қаласындамыз, кішкентай шеберханадан бастадық. Күніне 40-50, ал айына 300-400 аяқ киім шығарамыз», - деді Самғау.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта спорттық аяқ-киімдердің жобасын әзірлеп жатқанын да айтып өтті.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!