Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметінің орнынан түсуі туралы Жарлыққа қол қойып, Премьер-Министрдің міндетін уақытша атқаруды Асқар Маминге жүктеді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарлықтың мәтінін назарларыңызға ұсынамыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
-
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Асқар Ұзақбайұлы Маминге жүктелсін.
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.
-
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2019 жылғы 21 ақпан