Nur Otan партиясының кезектен тыс ХIХ съезіне елордадан 52 делегат қатысады. Бұл туралы қалалық филиалдың кезектен тыс конференциясында мәлім болды, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде бас шаһарда Nur Otan партиясының 50 мыңнан аса мүшесі және 350 бастауыш партия ұйымы бар. «Халыққа көмек» жобасының аясында Nur Otan қалалық филиалының қоғамдық қабылдауы ikomek 109 бірыңғай байланыс орталығымен бірігіп жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта бұл жүйені басқа қалаларға да енгізу жоспарланып отыр.

"Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың өтініші бірден біздің жүйеге түсіп, бірден тиісті органдарға жіберіледі. Атап айтқанда, әкімдіктерге, басқармалар мен коммуналдық қызметтерге тапсырылады. Бұл құжат айналымын қысқартып, тез арада жауап беруге мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді ikomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының басшысы Жанат Дүбірова.

Тек соңғы бір айдың ішінде қоғамдық қабылдау тарапынан 800-ден астам өтініш келіп түскен.

Еске сала кетсек, Nur Otan партиясының кезектен тыс ХIХ съезі 23 сәуірде өтеді.