Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кеңейтуге мүдделі екенін танытты, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, атом және баламалы энергетика саласындағы, сондай-ақ Қазақстанда мұнай мен газды қайта өңдеу жөніндегі бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығына назар аударылды.

Сонымен қатар, тараптар әлемдік мұнай нарығындағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, мұнай экспорттаушы елдер рөлінің маңызды екенін атап өтті.

Екі ел басшылары өзара сапар жасау тәжірибесін жалғастыру жөнінде уағдаласты.

Телефон арқылы сөйлесуге Сауд Арабиясы жағы бастамашы болды.