27-28 ақпанда Астана қаласында «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ Өңірлік коммуникациялар қызметінің өкілдерімен есеп беру кездесуін өткізді.

Семинардың тақырыбы: «ОКҚ-ның жаңа студиясы жағдайында ИМЖ өңдеу және жұмыс үдерісін оңтайландыру». Кездесуінің алғашқы күнінде Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдерімен 2018 жылдың қорытындылары мен ағымдағы жылға арналған жоспарлар талқыланды.

Өз кезегінде, Талдау қызметі, Медиажоспарлау, Стратегия және даму жөніндегі ОКҚ қызметкерлері өздерінің жұмыстары бойынша негізгі шаралар туралы тренингтер өткізді, сондай-ақ,әлеуметтік желілердегі парақшаларын одан әрі дамыту мен сарапатамалық алаңдарды көбейту жөнінде баяндады.

Коммуникациялар қызметі мен Жаңалықтар қызметі , Өңірлік медиасаясат қызметінің қызметкерлері семинарға қатысушыларға дағдарыстық коммуникация туралы көзқарастарымен бөлісіп, жұмыс процесін оңтайландыру және цифрландыру туралы айтып берді.

Семинар барысында Өңірлік коммуникациялар қызметінің өкілдері шетелдік елшілердің қатысуымен өткен «Франкофония көктемі -2019» мәдени маусымының ашылуына байланысты өткен және Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мусахаджаеваның қатысуымен өткен баспасөз мәслихаттарына қатысты.