Орталық коммуникациялар қызметінің қызметкерлері Арыс қаласындағы зардап шеккендерге бір күндік жалақыларын аударатыны туралы хабарлайды.

«Арыс қаласында болған апаттық жағдайға байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінің қызметкерлері зардап шеккендерге көмектесу қорына бір күндік жалақыларын аудару туралы шешім қабылдады», - деп хабарлайды ұйым.