Top.Mail.Ru

Отандық «Алтын Адам» киім фабрикасының өнімдері 2016 жылдан бастап Қытайда Үрімші қаласында сатылуда, ал қазіргі уақытта Ресейдің Мәскеу қаласына өнім шығару жөнінде келісім жүргізіліп жатыр.

«Алтын Адам» тігін фабрикасында киім өндірісінің толық циклі, дизайнын әзірлеуден бастап қаптамаға дейін жүзеге асады. Барлық жұмысты шеберлер жоғары технологиялық жабдықтарда атқарады. Фабрикада орнатылған Германия, Турция, Жапониялық заманауи жабдықтар сапасы әлемдік брендтерден еш кем түспейтін өнім өндіруге мүмкіндік береді. Фабриканың өндірістік қуаты 2014-2016 жылдары күніне 250-300 костюм тігуге мүмкіндік берсе, қазіргі таңда айтарлықтай ұлғайды, күніне 300-500 костюм тігуге болады», - деді «Алтын Адам» тігін фабрикасының өкілі Байбосынова Гүлшат Нүкенбайқызы.

Айта кетсек, «Алтын Адам» тігін фабрикасы 2013 жылы Оңтүстік Қазақстанда негізі қаланды. «Алтын Адам» іскерлік киімнің алғашқы отандық бренді болып табылады. Қазіргі таңда «Алтын Адам» қазақстандық бренді ерлер костюмдері, әйелдер костюмдері, ер адамдар мен әйел адамдарға арналған пальтолар, жейде және мектеп формаларын шығаруда.

Фабрикада жеке лекалалар базасы бар. Соның арқасында ерекше стилі бар киім үлгілері, жаңа сән үлгілеріне сай дизайны жасалады. Сонымен қатар костюм пішімдері қазақстандық халықтың дене бітіміне сәйкестендірілген. Өндірісте жоғары дәрежелі мамандар істейді. Фабрика қызметінің арқасында жергілікті тұрғындардан 100 аса адам жұмыспен қамтылған.

«Негізі алдағы басты мақсат осы ішкі нарықты қамтамасыз ету. Елімізде сатылымдағы отандық өнім мөлшерін ұлғайту, іскерлік киіммен қоса халық күнделікті киетін киім түрлерін шығару. Және мектеп оқушыларын сапалы, сәнді, бағасы да қолжетімді мектеп формаларымен қамтамасыз ету. Осы орайда ата-аналар мен мектеп ұжымдарына отандық өндірушіні қолдап, отандық киімді киюге шақырамыз. Себебі отандық өнімді тұтыну еліміздің экономикасы мен азаматтардың жағдайының артуына пайдасы өте зор», - деді«Алтын Адам» тігін фабрикасының өкілі.

«Алтын Адам» сауда желісі Қазақстанның 11 қаласында, нақтырақ айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе, Жаңаөзен, Өскемен, Семей қалаларында бар.

Хотите быть всегда в курсе всех брифингов?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!