Әділет министрі Марат Бекетаев елімізде дайындалып жатқан қосымша заң жобалары туралы айтып берді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап .

«Заң жобалары ведомствоаралық комиссия арқылы өтеді. Бұл комиссияның жұмыс органы - Әділет министрлігі. Жоспарлы заң жобаларымен ведомствоның вебсайтынан танысуға болады. Заң жобаларының жоспары ашық тұр», - деді Марат Бекетаев халықпен есеп беру кездесуінен кейін тілшілерге берген жауабында.

Министр Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде қосымша заң жобалары әзірленетінін атап өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асыру шеңберінде жоспардан тыс заң жобалары жасалатынына сенімдімін. Олардың басым бөлігі жеделдетілген тәртіпте әзірленеді. Қандай заң жобалары пайда болатынын аңғару үшін Президенттің ұлықтау рәсіміндегі баяндамасын тыңдаған абзал», - деді министр.