Общество

Елордамен бірге, бірінші кезеңде Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Сәтпаев, Сарань, Шахтинск қалаларының 171 елді мекені газбен жабдықталады, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Газдандыру нәтижиесінде 142 мың тұрғын газға қол жеткізеді», - деді Қазақстан Республикасы энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Сонымен қатар, Сары-Арқа газ құбыры графикке сәйкес салынып жатқандығын да атап өтті.

«Қазіргі уақытта Жезқазған қаласына жақын жерде дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге шамамен 420 км құбыр дәнекерленді. Бұл газ құбыры ұзындығының 40%-ын құрайды», - деп мәлімдеді Энергетика минис

Еліміздің «жасыл» экономикаға көшу бағдарына сәйкес жаңартылатын энергетика секторы жоспарлы түрде дамып келеді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2020 жылға қарай 3% - ға дейін, 2025 жылға қарай 6% - ға дейін, 2030 жылға қарай 10% - ға дейін артады», - деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Айтуынша, егер 2014 жылы Қазақстанда қуаты 177 МВт болатын 35 ЖЭК объектісі болса, бүгінде жалпы қуаты 679 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 74 объектісі жұмыс істейді.

«Жыл

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин елімізде автокөлік өнеркәсібін дамыту жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«5 айдың қорытындысы бойынша автоөнеркәсіп саласы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46 пайызға өсті. Осы сала өңдеуші сектордың маңызды құрамдас бөлігіне айналуда, сондай-ақ оның өсімінде үлкен әлеует бар. Егер де өткен жылы 30 мыңға жуық автомобиль шығарсақ, биыл 60 мыңға тарта көлікті ұсыну жоспарланып отыр», - деді Мамин.

Осы орайда ол 2021 жылға қарай аталған көрсеткі

20-30 маусым аралығында Қазақстанда мектеп түлектері кезекті Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Биылдан бастап жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет - қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында өткізіледі. Ал мемлекеттік білім грантын алу үшін жас түлек маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысуы тиіс.

Кезекті тестілеу республика бойынша 1188 аудиторияда өтеді. Оған қатысуға 117 242 адам өтініш берген. Оның 96 мыңнан астамы - биылғы мектеп түлектері (мектеп бітірушілердің 72%) болса, 20 мыңнан астамы - биыл және ө

«Дипломмен ауылға» бағдарламасына деген сұраныс жыл сайын артып келеді.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов министрліктің халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Біздің министрлік «Дипломмен ауылға» бағдарламасының әкімшісі болып табылады. Жыл сайын осы бағдарлама арқылы 5 мың азамат көмек алады. Бұл, ең алдымен, өтеусіз қамтамасыз ету - 70 АЕК. Сондай-ақ, егер АЕК қайта есептелсе, несие береді, 3,8 млн. теңге шамасында. Ставкасы 0,01 пайызды құрайды. 15 жылға қарастырыған. Егер сіз пайыз мөл

2019 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша жалпы экономикалық өсу 4 пайызды құрайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов мәлімдеді.

«Министрліктің биылғы алға қойған ең маңызды үш бағытты бар. Олар - елдегі кәсіпкерлікті дамыту, бағалар мен тарифтер және өңірлерді дамыту»,- деді Руслан Даленов.

Бүгін Ұлттық экономика министрілігі 2018 жылы атқараған жұмыстары туралы халыққа есеп берді.

Есеп беру кездесуінде салықтық және бюджеттік саясатқа, инвестицияға қатысты мәселелер де талқыланды.

«2018 жылы экономикалық өсу 4,1 пайызды құрады. Өткен жылдың деңгейін қайталады. Осы жылғы

Денсаулық сақтау саласындағы тікелей өзгерістер күнделікті пайдаланып жүрген медицинаның сапасына және қолжетімділігіне әсер етеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халыққа есеп беру қортындысы бойынша өткен баспасөз маслихатында айтты.

«Бүгін Үкіметте екі маңызды қаулы қабылданды. Құжаттар еліміздегі келесі жылдан басталатын әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне арналған. Қысқаша айтсақ, келесі жылдан бастап елімізде тегін медициналық қызметтің екі көлемі болады», - деді Елжан Біртанов.

Айтуынша, бірінші көлемі – мемлекет тарапынан кепілдендірілген көлем. Ол Қазақста

«BI Group холдингі «Өзіңнен баста» жобасы аясында әлемдік фильмдердің қазақ тіліне дубляждалуына биылғы жылы 259 млн теңге бөлді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Өзіңнен баста» жобасының маңыздылығын түсіне отырып, біз 800 млн теңге бөліп отырмыз. Атап айтсақ, 2018 жылы – 150 млн теңге, 2019 жылы – 259 млн теңге бөлінсе, ал алдағы 2020 жылы – 350 млн теңге көлемінде демеушілік көрсетеміз», - деді BI Group холдингінің құрылыс индустриясын цифрландыру жөніндегі директоры Асхат Тұрғынбекұлы.

Айта кетсек, BI Group холдингі әлемдік фильмдердің қазақ тіліне дубляждалуына қолдау көрсетеді. «Ойы

«Өзіңнен баста» жобасында қазақ тіліне дубляждалған «Ойыншықтар хикаясы-4» 30-шы мерейтойлық фильмі 20 маусымда республикалық прокатқа шығады, деп хабарлайды ortcom.kz.

«Өзіңнен баста» әлеуметтік жобасын іске асыру кезінде қазақ тіліне 30 голливудтық кинокартина, атап айтқанда, «Walt Disney Pictures», «Pixar» студияларының 14 анимациялық фильмі және «Sony Pictures», «Disney», Lucasfilm Ltd және Marvel Studios Inc. студияларының көруге арналған 16 отбасылық фильмі дубляждалды», - деді «Болашақ» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Чайжунусова.

8 жыл бойы жұмыс істеп ...

Бүгін Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Алматы қаласында «Атакент» көрме кешенінде көшеден тамақтанудың қауіпсіздігіне бағытталған акция өткізді.

Іс-шара медициналық-санитариялық алғашқы көмек мәселелеріне арналған «Денсаулық баршаға» VI Халқаралық конгресі шеңберінде өткізілді.

Оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарына көшеден тамақ ішіп, уланған адамға шұғыл көмек көрсетуге қатысу ұсынылды. Форум-театрда, жіті уланудан зардап шеккен адамның рөлін ойнаған әртіске барлық ниет білдірген адамдар көмек көрсете алды. Осылайша, мамандар қатысушы адамдарға күнделікті көшеден тамақтануд

2019 жылы 3500-ден астам әскери қызметшіге баспана беріледі, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Әскери қызметшілерді баспанамен қамтудың моделіне сәйкес, 2018 жылдың қаңтарынан бастап ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Қазақстанның кез келген өңірінен екінші деңгейлі банктердің түрлі бағдарламалары арқылы ипотека несиесімен баспана сатып алу мүмкіндігін беретін заманауи жүйеге өтеді.

Қазақстанның қорғаныс ведомствосы әскери қызметшілердің әлеуметтік мәселелерден толықтай арылуына жағдай жасап отыр. Баспанамен қамтудың жаңа жүйесі қолға алынған тұста, 2018 ...

Әділет министрі Марат Бекетаев елімізде дайындалып жатқан қосымша заң жобалары туралы айтып берді, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап .

«Заң жобалары ведомствоаралық комиссия арқылы өтеді. Бұл комиссияның жұмыс органы - Әділет министрлігі. Жоспарлы заң жобаларымен ведомствоның вебсайтынан танысуға болады. Заң жобаларының жоспары ашық тұр», - деді Марат Бекетаев халықпен есеп беру кездесуінен кейін тілшілерге берген жауабында.

Министр Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде қосымша заң жобалары әзірленетінін атап өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырм

Биыл Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толады. Мерейтой қарсаңында 46 іс-шара өтеді, деп хабарлайды ortcom.kz.

«Облыс орталығы болғалы арада бір жыл өтті. Бұл уақыт Түркістан үшін аса маңызды кезең болды. Көне шаһар күннен-күнге көркейіп, заманауи келбетке ие болып келеді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық саласы, рухани-мәдени бағытында оң өзгерістер орын алды», - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев.

Айтуынша, облыстың 1 жылдық мерейтойы аясында 46 жоба өткізіледі.

«Түркістаным - Тұраным» тақырыбында облыстық музейлер мен кітапханаларда дөңгелек үстелдер мен кезде

10 бөлімнен тұратын «Төле би» кинохикасының түсірілімі Түркістан облысында өткен.

«Төле би» кинохикаясы облыс әкімдігінінің қаражатынан қаржыландырылып түсірілді. 2018 жылы әкімшіліктен «Оңтүстік» фильм және «Сақ киностудиясына» тапсырыс беріліп түсірілген. Жалпы фильм 10 сериядан тұрады. Төле бидің өмірі, балалық шағынан қартайып өмірден өткенге дейінгі басынан өткен оқиғалары қамтылған. Жалпы фильмге 153 млн қаржы бөлінді», - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев.

«Төле би» фильмі 6- шілдеде астана күніне орай «Хабар» арнасы арқылы көрерменге жол тартады.

«Фильмнің түс

14-16 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында 64-ші Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының (ABU - Asia-Рasific Broadcasting union) спорттық конференциясы өтеді.

«Қазақстан астанасында өтетін ABU-ның 64-ші спорттық конференциясына қатысуға Малайзия, Сингапур, АҚШ, Франция, Қытай, Таиланд, Гонконг, Австралия, Өзбекстан, Үндістан, Жапония және т. б. 20 елден түрлі телерадиокомпаниялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдері келді», - деді "Qazsport" телеарнасының директоры Павел Цыбулин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетсек, конференцияны"Қазақстан" телеради