143 ет үлгілерінің құрамынан таңбалауында көрсетілмеген шошқа ДНҚ-лары да анықталған. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басқарма басшысы Қаскатаева Дана мәлімдеді.

«Ет өнімдерің ішінде талаптарға ең сай келмейтін өнімдер - 67 пайызда шұжық өнімдеріне тиесілі», - деді ол.

Сонымен қатар, сүт өнімдері бойынша да жалғандықтарды анықтау жұмыстары жүргізілген.

«Тексерілген 106 сүт өнімінің құрамынан таңбалауында көрсетілмеген өсімдік майлары табылды», - деді Дана Қадырқызы.

Айтуынша, кеден одағының техникалық талаптарына сәйкес сүт және сүт өнімдерінің техникалық талаптарына сәйкес сүт өнімдерінен құрамында тек қана сүт майлары болуы керек.

«Егер өндіруші сүт өнімдерінің орнына алмастырғыш өсімдік майларын қосса, ол өнімдер сүт тәрізді өнімдер деп аталуы керек», - деп атап өтті.