Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Адлет ТОЙБАЕВ Орталық коммуникациялар қызметінде ҰБТ-ның аралық нәтижиелерімен таныстырды.

«Тестілеуге өтініш берген 74 365 бітірушінің 71 227-сі қатысты. Өтініш бергендердің 96 пайызын құрап отыр. Оның ішінде қазақ тілінде 56 684 бітіруші, орыс тілінде 14 455, ағылшын тілінде 87 бітіруші тапсырған», - деп мәлімдеді ол.

Айтуынша, апелляциялық комиссияға жалпы саны 111 өтініш келіп түскен, оның 63-і қанағаттандырылған.

«Олардың көбісі белгілеу кезінде кеткен қателер мен нақты сұрақтар бойынша кеткен қателерге байланысты келіп түсуде», - деп атап өтті.

Сонымен қатар, ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 21 бала қатысты. Оларға арнайы жеке аудитория беріліп, олармен арнайы мамандар жұмыс істейді.

Адлет Тойбаев өз сөзінде бүгінгі күнге дейін ең көп таңдалып отырған пәндер тізбесіне тоқталып өтті. Физика, матерматика, химия, биология пәндері көп биылғы түлектер арасында көп таңдалған.

Сондай-ақ, 24 маусым күні ҰБТ-дан ең жоғарғы нәтиже көрсеткен 140 балл иегері бар.