ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «31 арнаның» бірлесуімен жүзеге асырылып отырған «Анашым, біз үйдеміз» жобасында көпбалалы отбасылылардың баспаналарына тегін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Көпбалалы отбасының күнделікті тұрмысында өзекті мәселелер жетерлік. Олардың көбі баспана мәселесіне қатысты. Біз «Анашым, біз үйдеміз» жобасы көпбалалы отбасылардың үйлеріндегі интерьерді жаңартып қана қоймай, шаңырақтарына шаттық сыйлайды деп сенеміз. Әрбір серия – жеке шығарылым, бүтін бір отбасының жеке тарихы», – деп атап өтті «31 арнаның» бас директоры Юрий Бродский.

Жобаға ауқымы шамамен 55 шаршы метрді құрайтын жеке тұрғын үйлері бар көпбалалы отбасылар ғана қатыса алады. Жобаға қатысу үшін сауалнама парағын толтыру және тұрғын үйдің фотосуреттерін ұсыну қажет.

Ал 11 тамыздан бастап "31 арнаның" көрермендері әр отбасымен" жеке" танысып қана қоймай, олардың пәтерлері мен үйлерінің барынша көркейе түсіп, қатысушыларға сыйлаған қуанышына куә болады.

Жобаны дайындау 15 мамырда басталады. Оған қатысу үшін өтінішіңізді dom@31.kz электрондық поштасына жіберу немесе +7 708 26 77 326 телефон нөмірі арқылы жоба координаторымен байланысу қажет.