05.07.2022 _ 11:24

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады

 

Президентке Орталық референдум комиссиясы қызметінің қорытындылары, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының сайлау жүйесін жетілдіруге қатысты қазіргі атқарып жатқан жұмыстары және Қазақстанның сайлау органдарын кәсіби тұрғыдан күшейту әдістері жөнінде баяндалды.