27.06.2022 _ 14:39

Жыл басынан бері 66 млрд теңгеден астам сомаға жергілікті азық-түлік тауралары өндірілді

Соңғы 3 жылда тамақ өнеркәсібінде өсімнің жоғарғы қарқыны сақталуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті.  Жыл басынан бері 66 млрд теңгеден астам сомаға жергілікті азық-түлік тауары өндірілді.

«Бүгінгі таңда ақмолалық тауар өндірушілердің өндірісі облыс халқының қажеттілігінен тағамдық жұмыртқа бойынша 3,5 есеге, құс еті бойынша 8 есеге, ұн бойынша 35 есеге, сүт бойынша 2,5 есеге асып түседі. Сондай-ақ, бірқатар басқа да жобалар жүзеге асырылуда. 2025 жылға дейін 1,3 трлн теңгеге 304 жобаны жүзеге асыру шамамен 13,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», - деді Маржықпаев.