27.06.2022 _ 15:15

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 87%-ға жетеді - Е. Маржықпаев

Өткен жылы Ақмола облысына жергілікті маңызы бар автожолдар салуға, жөндеуге 232 жобаға 38 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 172-сі аяқталды. Облыстық, аудандық маңызы бар 800 км автожол және елді мекендердің көше-жол желісі жөнделді. Осы жылы 1 мың шақырымға жуық жол желісін жақсартуды жоспарланып отыр.

Республикалық бюджетті нақтылау қорытындысы бойынша тағы 23 млрд теңге бөлінеді деп күтілуде. Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингі барысында өңір басшысы Ермек Маржықпаев осындай мәліметтермен бөлісті. 
«Үкіметтің қолдауының арқасында жол желілерін жыл сайын жақсартуға мүмкіндігіміз бар. Мысалы, 2016 жылы 162 км салынып, жөнделген болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 790 км құрады, өсім 4 есеге жуық. Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі - 87%-ға жетеді. Осылайша, осы уақыт ішінде біз жол құрылысында айтарлықтай ілгеріледік», - деді спикер.