30.06.2022 _ 16:40

ІІМ — 388 адам сотталды

Бүгінгі таңда ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 516 қылмыстық іс бар, олар бойынша 14 адам күзетпен ұсталуда. 567 күдіктіге қатысты 346 іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Олардың көпшілігі жаппай тәртіпсіздік уақытында жасаған ұрлық - 424 адам, қаруды заңсыз сақтау - 45, қаруды ұрлау - 38, көлік құралдарын айдап кету - 10, тонау - 9 және алаяқтық - 6 үшін жауапкершілікке тартылуда. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов осындай мәліметтерді келтіріп өтті.

«Соттар 388 адамның ішінен: бас бостандығын шектеуге – 334 адамды; қоғамдық жұмыстарға – 4 адамды; айыппұлға – 4 адамды соттады; 12 адам тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылды; 46 адам ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды. 167 сотталушыға қатысты 86 қылмыстық іс әлі соттың қарауында. Қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтар мен бизнес субъектілерінің құны 343 млн теңгеден артық ұрланған мүлкі алып қойылды, оның ішінде 12 автомашина, тұрмыстық техниканың 317 бірлігі, 189 зергерлік бұйым, 286 ұялы телефон, 16 млн-нан астам теңге, киімнің 550 бірлігі», - деді ІІМ өкілі.