20.02.2024 _ 10:10

Қазақстанда Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың тармақтарын іске асыру

Маусым айында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023-2025 жылдарға арналған Есірткінің заңсыз айналымы мен нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар әзірленіп, Үкіметтің қаулысымен бекітілді.

Кешенді жоспардың есірткіге қарсы жүйелі жұмыс үшін маңызды бағдарламалық құжат болып табылатындығы Түркістандағы ұлттық құрылтайда, ІІМ-дегі алқаның кеңейтілген отырысында атап өтілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Әмірханов еске салды.

Кешенді жоспардың негізгі мақсаттары:

- қоғам үшін аса қауіпті, әсіресе, синтетикалық препараттардың таралуының жолын кесу, олардың қолжетімділігін төмендету;

- нашақорлықты ерте анықтау жүйесін енгізу;

- есірткі қолданатын адамдардың шынайы және нақты есебін қалыптастыру;

- уәкілетті органның құзыреті мен мәртебесін арттыру;

- материалдық-техникалық жағдайды нығайту.

«Мемлекеттің есірткіге қарсы саясатының өзектілігін атап өтіп, ел Президенті нақты бағыттарды белгілеп, жоспарды іске асыру бойынша міндеттерді алға қойды. Оны ІІМ-нің ведомствоішілік деңгейде сапалы және тиімді іске асыру мақсатында әрбір іс-шараны орындау барысы ішкі бұйрықпен бекітілді. Бұл жұмысты үйлестіруді біз, Министрліктің салалық департаменті жүзеге асырады. Жоспардың әрбір тармағын іске асыру бойынша қадамдық іс-қимыл алгоритмін әзірледік. Жоспар 7 бөлімнен, 77 тармақтан тұрады. Мұндай шешімдер оның орындалу динамикасын апта сайын әр сегментте бақылап, іс-әрекеттерімізді түзету бойынша қажетті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті спикер.

Кешенді жоспарды жүзеге асыруға бірнеше министрлік пен ведомство атсалысады. ІІМ 38 тармақтың орындалуына жауап береді, ал 15 тармақ бойынша бірлесіп орындау жұмысын атқарады. Денсаулық сақтау министрлігі – 16, Мәдениет және ақпарат министрлігі – 5, Оқу-ағарту министрлігі – 9 тармақ, Әділет министрлігі – 4 тармақ бойынша жауапты болып бекітілген. 

Кешенді жоспарға сәйкес халықтың осал топтары – жасөспірімдер мен жастар арасында ведомствоаралық профилактикалық жұмыс ұйымдастырылды. Барлық өңірде есірткіге қарсы профилактикалық іс-шаралар өткізу жоспарлары бекітілді. Бір айда 1800-ден астам осындай іс-шара өткізілді. Денсаулық сақтау саласының мамандарымен бірлесіп 700 іс-шара өткізілді, оның ішінде нарколог-дәрігерлердің қатысуымен 402, еріктілердің қатысуымен 265 акция ұйымдастырылды.