01.07.2022 _ 10:35

Шымкентте 2 жаңа индустриялық аймақтың құрылысы жүзеге асырылуда

Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтуді тапсырды. Бұл межеге жету үшін қалада 2 жаңа индустриялық аймақтың құрылысы басталды. Бұл туралы Шымкент әкімі Мұрат Айтенов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлім етті.

«Біріншісі – «Жұлдыз» индустриялық аймағы. Жалпы аумағы 306 гектар аймаққа инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жаңа индустриялық аймақта машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын ашылады, 200 млрд теңгеден астам қаржыға 50-ден астам ірі инвестициялық жоба іске аспақ. Қазіргі таңда 100 млрд теңге тұратын 17 жобаға жер телімдері бөлінді. Екіншісі – аумағы 118 гектарды құрайтын «Стандарт» жеке индустриялық аймағы. Бұл жерде 176 мың ш.м дайын өндірістік алаңдар, оның ішінде 64 мың ш м қойма алаңдарын салу жоспарланып отыр», - деді М.Әйтенов.