01.07.2022 _ 10:55

Шымкент қаласының бюджет көлемі 4 есеге артты – М.Әйтенов

2022 жылға бюджет көлемі 573,7 млрд теңгені құрады. Оның 47% әлеуметтік салаға бағытталса, 21% даму жобаларына бөлініп отыр. Бюджет қаражатын ұлғайту арқылы қаладағы біршама өзекті мәселелер шешімін табуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент әкімі Мұрат Айтенов хабарлады.

«Мегаполис болғалы Шымкент қаласының бюджет көлемі 4 есеге артты. Бюджетті жоспарлауда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 158 жобаға 3,9 млрд теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде 140 балалар ойын алаңы, 24 ашық спорт алаңы және 2 ирригациялық арық орнатылуда. Бүгінде қаланың кез келген тұрғыны «электрондық үкіметтің» веб-порталына кіріп, өз ұсыныстарын қалдырып, кері жауап алу мүмкіндігі бар», - деді Шымкент әкімі.