Генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғылар құрылысына аукциондық сауда-саттықтар «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына және ҚР Энергетика министрінің м.а. 2021 жылғы 30 сәуірдегі бұйрығымен бекітілген Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар құрылысына аукциондық сауда-саттықтарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына (Қағидалар) сәйкес жүргізіледі.

2022 жылғы 21 сәуірде ҚР Энергетика министрлігінің бұйрығымен бекітілген 2022 жылға арналған генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар құрылысына аукциондық сауда-саттық өткізу графигіне (Аукциондық сауда-саттық графигі) өзгерістер енгізілді (сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/300167?lang=kk).

2022 жылғы шілдеде мынадай аукциондық сауда-саттықты өткізу көзделеді:

 - 2022 жылғы 13 шілде - Оңтүстік аймақта (Қызылорда облысы) 240 МВт электр қуатының дайындығын қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемімен жылу энергиясын беретін бу-газ қондырғысының құрылысына аукциондық сауда-саттық;

 - 2022 жылғы 15 шілде - Оңтүстік аймақта (Түркістан облысы) 926,5 МВт электр қуатының дайындығын қолдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемімен жылу энергиясын бермейтін бу-газ қондырғысының құрылысына аукциондық сауда-саттық.

Осы жобаларды іске асыру үшін инвестицияларды қайтару электр қуатының нарығы шеңберінде жүзеге асырылатын болады және генерациялайтын қондырғылар пайдалануға берілгеннен кейін басталады.

Бұл ретте, аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары Аукциондық сауда-саттық қағидалары мен графигінің талаптарын орындау шартымен генерациялайтын қондырғылардың конфигурациясы мен өндірушісін дербес айқындайтынын атап өтеміз.

ҚР Энергетика министрлігінің сайтында алдын ала әзірленген техникалық-экономикалық негіздемелер негізінде қалыптастырылған жоғарыда көрсетілген генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғылар құрылысына аукциондық сауда-саттық құжаттамасы орналастырылғанын хабарлаймыз.

Қызылорда облысындағы алаң бойынша аукциондық сауда-саттық құжаттамасымен танысу үшін https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/308520?lang=kk сілтемесін басу қажет.

Түркістан облысындағы алаң бойынша аукциондық сауда-саттық құжаттамасымен танысу үшін https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/308533?lang=kk сілтемесін басу қажет.

Қызылорда облысы мен Түркістан облысындағы алаңдар бойынша алдын ала техникалық-экономикалық негіздемелермен «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС веб-сайтында танысуға болады (сілтеме: https://rfc.kegoc.kz).