«Бүгінгі таңда ақмолалық тауар өндірушілердің өндірісі облыс халқының қажеттілігінен тағамдық жұмыртқа бойынша 3,5 есеге, құс еті бойынша 8 есеге, ұн бойынша 35 есеге, сүт бойынша 2,5 есеге асып түседі. Сондай-ақ, бірқатар басқа да жобалар жүзеге асырылуда. 2025 жылға дейін 1,3 трлн теңгеге 304 жобаны жүзеге асыру шамамен 13,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», - деді Маржықпаев.