«Облыс орталығында жеңіл атлетика манежі мемлекеттік меншікке қайтарылып жөнделді, мұз айдыны спорт кешенінің құрылысы басталды. Ерейментау қаласында екі жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталуда. Бурабай ауданының Мәдениет және Жақсы ауданының Жақсы ауылдарында спорт кешендері салынып жатыр. Қорғалжын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Щучинск қаласында спорт сарайының құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс одан әрі жалғасын табады», - деді әкім.