Ермек Маржықпаев екі жыл бұрын Қызылорда облысынан Қарағанды арқылы Ақмола облысына Сарыарқа-1 магистральді газ құбыры іске қосылғанын еске салды.
«Аршалы ауданында 20 елді мекенді қамтитын 13 жоба бар. 20 мыңға жуық адам газбен қамтылады. Биыл 12 елді мекенге газ беріледі. Келешекте - Целиноград ауданы. Қоянды, Қосшы, Қараөткел газға қосылады -  бұл астанамыздың солтүстік жағы. Ол жаққа 2024 жылы газ тартылады. Нұр-Сұлтан қаласының айналасын газдандыру кезеңі 2024 жылы аяқталады», - деді әкім.