Құрметті азаматтар!

Ішкі істер министрлігі «қаңтар оқиғалары» бойынша қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда.

Бүгінгі таңда ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 516 қылмыстық іс бар, олар бойынша 14 адам күзетпен ұсталуда.

567 күдіктіге қатысты 346 іс айыптау актісімен бірге сотқа жолданды.

Олардың көпшілігі жаппай тәртіпсіздік уақытында жасаған ұрлық (424 адам), қаруды заңсыз сақтау (45), қаруды ұрлау (38), көлік құралдарын айдап кету (10), тонау (9) және алаяқтық (6) үшін жауапкершілікке тартылуда.

Соттар 388 адамның ішінен:

- бас бостандығын шектеуге – 334 адамды;

- қоғамдық жұмыстарға – 4 адамды;

- айыппұлға – 4 адамды соттады; 

- 12 адам тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылды;

- 46 адам ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталды.

167 сотталушыға қатысты 86 қылмыстық іс әлі соттың қарауында.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтар мен бизнес субъектілерінің құны 343 млн теңгеден артық ұрланған мүлкі алып қойылды, оның ішінде 12 автомашина, тұрмыстық техниканың 317 бірлігі, 189 зергерлік бұйым, 286 ұялы телефон, 16 млн-нан астам теңге, киімнің 550 бірлігі.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ішкі істер органдарының негізгі міндеттерінің бірі, осыған байланысты бұрын жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қаруды іздеу мен алып қою бойынша мақсатты жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда.

Бүгінгі таңда қарудың 1640 бірлігі мен 41 мың оқ-дәрі анықталып, заңсыз айналымнан алынды. Оның ішінде:

- 10 граната атқыш;

- 6 оқ атқыш;

- 164 автомат;

- 362 тапанша;

- 235 жарақаттайтын және газды қару;

- 78 суық қару.

Тек өткен 2 апта ішінде қарудың 50-ден астам бірлігі алынды.

Қаруды жасырын сақтаудың 120 орны жойылды.

Мысалы, ағымдағы жылғы 17 маусымда Алматы қаласында алаңқай жерде 7 граната, оқжатары толық «ИЖ» жарақаттайтын тапаншасы мен оқ-дәрілер жасырылған қаруды заңсыз сақтайтын жер табылған.

Ағымдағы жылғы 21 маусымда Талғар қаласында 130-дан астам оқ-дәрі мен «Калашников» автоматы алынды.

Ағымдағы жылғы 22 маусымда тағы да Алматы қаласында «Калашников» автоматы, 2 аңшылық мылтық, түтікшелері бар «Ф-1» гранатасы, 40 оқ, 2 броньды кеудеше, 2 радиостанция табылды. 

Ағымдағы жылғы 25 маусымда Тараз қаласында тұрғын массивіне жақын жерде сәйкестендіру нөмірлері жойылған, «Макаров» жүйесінің бәсеңдеткішті тапаншасы, сигналды револьвер пен пневматикалық тапанша, жарық-дыбыс гранатасы мен әртүрлі калибрлі 60 оқ табылды.  

Ағымдағы жылғы 26 маусымда Тараз қаласында "Байкал" мылтығы, «Стример» тапаншасы мен әртүрлі калибрлі 32 оқ табылып алынды. 

Жүргізілетін түсіндіру жұмысының нәтижесінде азаматтар қарудың 212 бірлігін өз еркімен тапсырды.

Бір де бір адам қылмыстық не басқа жауапкершілікке тартылған жоқ.

Сонымен бірге ұрланған қарудың ауқымды саны әлі де заңсыз айналымда (барлығы 2114 бірлік)

Оның ішінде азаматтық қарудың 1300 бірлігі мен 813 табельді қару.

Ішкі істер органдары елімізде заңдылықты және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.

Қаңтар оқиғаларының барысында зардап шеккен азаматтарға зиянның өтелуін қамтамасыз ету бойынша барлық күш жұмсалуда.

Адал азаматтарды қаңтар оқиғаларына қатысты кез келген ақпаратты ішкі істер органдарына хабарлауға, ал қаруды тапқан жағдайда оны ерікті түрде тапсыруға тағы да шақырамыз.

Назарларыңыз үшін рақмет!