АЙТЫЛДЫ:

"Мемлекеттік сатып алу-бұл дұрыс пайдалану қажет үлкен экономикалық ресурс. Осыған байланысты бізде үлкен проблемалар бар. Бәсекеге қабілетсіз тәсілмен сатып алулардың үлесі әлі де жоғары: тек баға параметріне назар аудару, сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің сапасы артта қалып отыр." Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев 2022 жылғы 22 қаңтар

 

ОРЫНДАЛДЫ:   

1. 2022 жылғы 1 шілдеден бастап тапсырыс берушілер үшін сатып алудың жаңа тәсілі – рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып байқау қолжетімді.
2. 2022 жылғы 1 шілдеден бастап сатып алынатын тауарларды (кеңсе тауарлары, шаруашылық тауарлары, дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар, электр тауарлары)автоматтандырылған сәйкестендіру мақсатында тауарлардың біріздендірілген сипаттамасын қалыптастыруға арналған веб – порталдың ақпараттық кіші жүйесі-тауарлардың электрондық каталогы іске қосылды.
3.Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, құрылыс нарығын монополиясыздандыру мақсатында әлеуетті өнім берушілер үшін мемлекеттік сатып алуға қатысуға лимиттер белгілеу мәселелерін пысықтау жалғасуда.