«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында бір көзден сатып алу құқығы алынып тасталады:

мемлекеттік материалдық резервке тауарларды

жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға арналған тауарлар мен қызметтерді

тұрғын емес мақсаттағы ғимараттарды

«Заң жобасында «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу қағидаларын БҚДА-мен келісу міндеттілігі, өнім берушілердің сатып алу тәсіліне қарамастан сатып алуға шағым жасау құқығы, Қордың холдингішілік кооперациясы шеңберінде сатып алу тәсілін алып тастау нормасы көзделеді», - деді ҰЭМ басшысы.

Бюджетаралық қатынастарды одан әрі реформалау

Мақсаты – өңірлердің қаржылық дербестігін күшейту

Салық түсімдерінің кейбір түрлерін жергілікті деңгейге беру

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігі

Көрсеткіштерге бюджеттік мониторингті қамтамасыз ету

Сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық функцияларын жеке монополиялық операторлардың жүзеге асыруына заң жүзінде тыйым салу үшін мемлекет 100% қатысатын заңды тұлғалар ғана монополиялық функцияларды жүзеге асыра алатын түзетулер ұсынылады. Арнайы құқық субъектісі ұғымы нақтыланады, айрықша және басым құқықтарды беруге тыйым салынады.

«Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін айналып өтуді болдырмау мақсатында, тікелей келіссөздерге бастамашылық ету мүмкіндігі үшін жылжымайтын мүлікті ұзақ мерзімді жалға алуды пайдалануға жол бермеу, сондай-ақ МЖӘ жобаларын тікелей келіссөздер тәсілімен іске асыру кезінде бюджеттен төлемдерді шектеу ұсынылады», - деп хабарлады ведомство басшысы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылауды күшейту шеңберінде МЖӘ жобаларын жоспарлау және іске асыру процесінің ашықтығы мен айқындығы қағидатын енгізу көзделеді. МЖӘ жобаларын іске асыру кезінде монополияландыруды болдырмау мақсатында оларды Монополияға қарсы органмен міндетті түрде келісу қарастырылған.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұсынысы негізінде Заң жобасында бос лауазымға тікелей тағайындау, мемлекеттік қызмет істері агенттігімен «Б» корпусының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын келісу, мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін тоқсан сайын бағалауды енгізу бойынша бірқатар түзетулер көзделген.

Инвестицияларды тарту үшін кедергілерді азайту мақсатында, инвестициялық жобаның Қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкестігі жөніндегі талапты алып тастау ұсынылады.

«Табиғи монополиялар туралы» Заң

Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын желілер мен мүліктерді теңгерімге және сенімгерлік басқаруға алған жағдайда тарифтің қолданылу мерзімі өткенге дейін оны өзгерту мүмкіндігі қарастырылған

Жанар-жағармай материалдары саласын реформалау

Көтерме жеткізушілерге қойылатын талаптарды қатаңдату жолымен өнімсіз делдалдарды алып тастау

Тауарлық газды бөлек есепке алуды жүргізу үшін, ірі коммерциялық кәсіпкерлер және цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар санаты тауарлық газдың жаңа тұтынушылары ретінде айқындалады.

Тауарлардың экспорты мен импортын реттеу жолымен экономикалық жағдайға жедел ден қою үшін, кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын белгілеуге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мерзімдерін қысқартуды көздейтін түзетулер ұсынылған.

«Заң жобасында сауда қызметі саласындағы уәкілетті органға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін әзірлеу, жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау үшін сауда саласындағы нысаналы индикаторларды есептеу әдістемесін бекіту, халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін айқындау қағидалары мен әдістерін бекіту бойынша өкілеттіктерді беру қарастырылған», - деп түйіндеді Ә.Қуантыров.