«Осы мамандық бойынша соңғы 4 жылда 232 грант бөлінді, қазір жастар оқып жатыр, бітірген түлектер жұмысқа келіп жатыр. Биыл 36 жас түлектің 17-сі ауылдық, аудандық ауруханаларда жұмысқа орналастырылды. Оларға жергілікті әкімшілік тарапынан әлеуметтік көмек ретінде 1 млн теңге беріліп, үй-жай мәселелері шешіледі. Осы мақсатта процентсіз несие беріледі, қаладағы жас мамандарға емханалар, ауруханалар басшылары, әкімшіліктер тарапынан ай сайын 100 мың теңге төленеді», - деді спикер өз жауабында.  


Сонымен қатар, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова өңірдің әлеуметтік жағдайды жақсарту жөнінде республика бойынша көшбасшылар қатарында екенін атап өтті.  


«Әр қызметкер, дәрігер алаңсыз қызмет етуі үшін оның әлеуметтік жағдайы жақсы болуы тиіс. 
Ресми мәліметтерге сәйкес, облыс әлеуметтік жағдайды жақсарту жөнінде республика бойынша алғашқы үштікке кіреді, бұл көрсеткіш 52% дейін. 2021 жылы өңір әкімінің тікелей қолдауымен 25 дәрігерге пәтер берілді», - деді Хаменова.