Оның айтуынша, сатып алу науқаны процесін жетілдіру аясында биыл денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді есепке алу және сатып алу ережелеріне елеулі өзгерістер енгізілді.

«Біріншіден, өңірлік комиссиялардың құрамы күшейтілді. Енді комиссия төрағасының орынбасары болып денсаулық сақтау басқармасының өкілі тағайындалады. Жауапты тұлғаның қызметі басшының орынбасары лауазымынан төмен болмауға тиіс. Сонымен қатар, комиссияға санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және медициналық фармацевтикалық бақылау комитеттерінің өкілдері де кірді. Екіншіден, құрамында 1,5 мың адамнан кем және тіркелген халық саны 3 мың адамнан аз, бір жылдан астам тәжірибесі бар МСАК субъектілері үшін бастапқы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету субъектілерінің қызметтерін сатып алуға қатысу үшін шектеулер енгізілді. Бұл жалпы тәжірибелік дәрігерлердің немесе отбасылық дәрігерлердің кем дегенде екі бөлімшесі», – деп түсіндірді спикер.

Бұдан бөлек, күндізгі стационарлар оларды алмастыратын көмек көрсету орындарының стандарттарына сәйкестендіру үшін амбулаториялық немесе стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының жанынан ұйымдастырылады. 

Сондай-ақ көрсетілген көмек түрлеріне қатысты шарт жасаспаған денсаулық сақтау субъектілеріне комиссия мүшелерінің сапарлары да ережеде бекітілді.

«Бесіншіден, биылдан бастап денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен медициналық ұйымдар аясында төсек-орын қоры айқындалады, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалау кезінде стандартталған тәсілдерді қолдану мақсатында министрлік денсаулық сақтау субъектілері қызметінің индикаторларын есептеу әдістемесін және қызметтер мен қаражат көлемін бөлу әдістемесі қабылданды. Соның арқасында рейтингтік бағалауды ескере отырып, қызмет көлемін бөлу тәсілдерін стандарттауға және біріздендіруге мүмкін болды», – деп түйіндеді спикер.