Мысалы, Петропавлда педиатрдан жас ананың қабылдауға келмейтіні туралы хабарлама келіп түсті. Тексеру кезінде соңғысы ұзақ уақыт бойы ішімдік ішетіні анықталды. Нәресте көмекке мұқтаж болды. Мамандар баланы нәресте үйіне орналастырды, ал анасы нарколог дәрігердің есебіне қойылды және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

4,4 мың азаматқа қатысты материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберілді. Мұнда ата-ана құқықтарын шектеу және жағдайды түзету туралы мәселе қаралады. 

Спикер атап өткендей, қабылданған шаралардың нәтижесінде қоғамда құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидаты қалыптасады. Сонымен қатар тек полиция қабылдайтын шаралар арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешу мүмкін емес.

«Отбасылық жанжалдардың негізгі себебі-маскүнемдік, отбасылық қиындықтар және адамгершілік құндылықтардың төмендеуі. Осыған байланысты Үкімет Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі саясатты қайта қарау жөніндегі жол картасын іске асыруда. Өңірлерде қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау бойынша мобильді топтар құрылды. Учаскелік инспекторлар 150 мыңнан астам отбасына барды, мемлекеттің көмегіне мұқтаж 500-ден астам отбасы тіркелді. Сондай-ақ қиын жағдайдағы 1 мыңға жуық отбасы мен зорлық-зомбылық белгілері бар қолайсыз әлеуметтік ортадағы балалар анықталды. Олар бойынша әлеуметтік көмек көрсету үшін мүдделі мемлекеттік органдарға ақпарат жолданды», – деді спикер.

Мысалы, Алматыда қолайсыз отбасына барған кезде әкесі қатты мас болған. Балалар аш болды, үй жиналмаған, лас. Сонымен қатар үйде әкесінің ішімдік ішетін досы болған, оның да жағдайы нашарлаған. Қамқоршылық қызметкерлерімен бірлесіп балалар кәмелетке толмағандарды қолдау орталығына орналастырылды, ал «мас» әкесі наркологияға емделуге жатқызылды.

ІІМ өкілі тәулік бойы «111» және «150» жедел желісінің телефондары жұмыс істейтінін еске салды, бұл желілер арқылы  әр адам кеңес немесе қолдау ала алады.

«2023 жылдың 8 желтоқсанында Президенттің Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары және заңның үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарына сәйкес, біз Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және Парламент Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау жөніндегі шараларды күшейту жөнінде заңнамалық түзетулер әзірледік. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіріп, ұрып-соққандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту жоспарлануда. Құқық бұзушының мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптар шеңберінде сотқа «агрессорды» тұрғын үйден уақытша шығару құқығы беріледі. Мінез - құлыққа қойылатын осындай ерекше талаптар Қылмыстық кодекс шеңберінде де белгіленетін болады», – деді подполковник.

Ел Президенті ІІМ-де отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімше құруды тапсырды, ол отбасыларды қолдау орталықтарымен, ҮЕҰ-мен және мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, жеке отбасында да, белгілі бір өңірде де тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемаларын шешумен айналысатын болады.