ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті басқармасының басшысы Анжела Бексұлтанова атап өткендей, нашақорлардың 91%-ы (16 817) – ер адам, 9%-ы (1512) әйел. 18 бен 29 жас аралығындағы жастардың 15%-ы (2734) және 66-сы – балалар мен жасөспірімдер.

Қолданылатын заттардың түрлері бойынша 6080 адамда опиоидтарға тәуелділігі бар. Олар 33,2%-ды құрайды. 6488  адамның канабиоидтарға тәуелділігі бар. Олар 35,4%-ды құрайды. 798-нде синтетикалық есірткіге тәуелділік бар. Олар жалпы санның 4,3%-ын құрайды. 

«Өкінішке қарай, ресми статистика елдегі есірткіге тәуелділердің нақты санын көрсетпейтінін атап өту маңызды, өйткені бұл көрсеткіш жасырын болып табылады. Көптеген нашақор сотталудан, жауапкершіліктен қорқып, өз жағдайларын жасырады. Ресми ведомстволық статистика нарколог-дәрігердің назарына түскен және «заттарды қолданудан туындаған психикалық-мінез-құлық бұзылыстары»диагнозымен динамикалық бақылауға алынған адамдар қатарынан қалыптасады. Бұл ретте динамикалық бақылауға алу пациенттің ақпараттандырылған келісімімен ғана жүзеге асырылады. Динамикалық байқау туралы деректер «наркологиялық науқастар тіркелімі» ақпараттық жүйесіне енгізіледі және қазіргі уақытта ол бізде құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйесімен біріктірілген. Жоғарыда айтылғандай, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан біз профилактика, емдеу және оңалту саласында жұмыс істейміз. Есірткіге тәуелді пациенттерді емдеу денсаулық сақтау жүйесінің Халық денсаулығы кодексімен регламенттелген, сондай-ақ бізде Қазақстан Республикасының халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бар», – деп атап өтті спикер.

Психоактивті заттарға тәуелді пациенттерді емдеу және оңалту тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады және 77 бастапқы психикалық денсаулық орталықтарында амбулаториялық жағдайда және аудандық ауруханалар жанынан ашылған 205 психикалық денсаулық кабинетінде, 20 стационарда және 1 республикалық ғылыми-практикалық орталықта жүргізіледі.