Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасын орындау аясында спорт кешендерінің санын арттыру жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Тарлан батырлары» ЖШС директоры Бахтияр Артаев мәлімеді. Оның айтуынша, бұл елдегі жаңа бағыт, жаңа бағдарлама бұл елдегі жаңа бағыт, жаңа бағдарлама мемлекеттік жеке меншік серіктестік шеңберінде жүзеге асырылады.

«Спорт кешендерінде барлық жағдайлар жасалған. Күн сайын 300-500 бала тек бокспен ғана емес, жалпы, 6 спорт түрінен жаттығады. Бағдарлама аясында мемлекеттік органнан алынған субсидия балаларды спортқа тегін баулуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде спорт орталықтары бес өңірде ашылды. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасады», - деді Б.Артаев.

Спикердің атап өтуінше, спорт орталықтарында қоғаммен қарым-қатынас орнату, күш-қуатты қалай жұмсау қажеттілі туралы ақпарат беретін тәрбиелік сағаттар да өткізіледі.